Қазақстанның барлық қалаларынан теледидар және бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбеде лаңкестердің қолынан құрбан болған азаматтардың жанұя, жақын-туыстарының қайғысына ортақтасып, жұбату айтылуда. Осыған орай біздің кітапхана мамандары мен оқырмандарымыз аза тұту Күні өздерінің қолдау сөздерін айтқан еді.
Малышев Валерий Юрьевич, кітапхана маманы:
my vmeste
- Біз қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Бұндай қайғылы жағдайдың тек біздің елімізде ғана емес, кез-келген басқа елдерде қайталанбауын тілейміз. Ешбір ана өз баласын өз халқына оқ ататын жауыз етіп тәрбиелемейді. Бұндай жағдайда халықты арандатып жүргендердің сөзіне ермеу керек. Қазақстан халқы әрқашан да достық пен бірлікте өмір сүрген. Еліміздегі осы бейбіт өмірді сақтап қалуымыз керек.
Садвакасов Сазызбай, зейнеткер, оқырман:
- Бұндай жағдайдың біздің Қазақстанда орын алуы өте өкінішті. Бұл жағдайдан кейін өзі ауру жүрегім одан сайын ауырды.
Ақтөбеліктер! Қымбатты менің достарым, жолдастар! Бекем болыңыздар! Қайғыларыңызға ортақпыз. Жарақат алған азаматтар тез сауығып кетіңіздер. Осындай қайғылы жағдай болды, яғни біз Қазақстан халқы айналамыздағы болып жатқан жағдайларға мұқият,абай әрі қырағы болуымыз керек. Біздің еліміз береке-бірлігі жарасқан тату ел. Көп ұлтты еліміздің бейбітшілігін сақтап қалуымыз керек. Біз, Өскемендіктер сіздермен біргеміз!..
иотехнология
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigationJump to search
Биотехнология (bios - тіршілік; thechne-өнер, шеберлік;logos-ғылым) - адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында жаңа өнім алу; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.
Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.
A.
Алғашқы биотехнология.
Мазмұны
1 Биотехнология тарихы
2 Биотехнология салалары
2.1 Ауыл шаруашылық биотехнология
3 Дереккөздер
Биотехнология тарихы
Алғаш рет «биотехнология» термині 1917 жылы Карл Эреки шошқаларды қант қызылшасымен қоректендіру кезінде олардың өнімдерінің жоғарылауы жасалған жұмыстарының нәтижесінде берілген.
Биотехнологияның пайда болуы мен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы Е.Хаувинк 5 кезеңді ажыратты.
Пастер ғасырына дейінгі кезең (1865 жылы). Сыра, шарап, нан өнімдері және сыра ашытқыларын,
ірімшік алғандағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын және ферментативті өнімдерді алу.
Пастер ғасырлық кезеңі (1866-1940 жж) - этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды өндіру. Канализациялық суды аэробты тазалау. Көмірсулардан азықтық ашытқыларды өндіру.
Антибиотиктер кезеңі (1940-1960жж) - тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа антибиотиктерді алу. Өсімдік жасушаларын дақылдау және вирустық вакциналарды алу. Стероидтардың микробиологиялық биотрансформациясы.
Меңгерілетін биосинтез кезеңі (1961-1975) - микробты мутанттар көмегімен амин қышқылдарын өндіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өндірістік қолдану. Канализациялық суларды анаэробты тазалау және биогаз алу. Бактериалды полисахаридтерді өндіру.
Жаңа биотехнология кезеңі (1973 жылдан бастап) - биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану. Моноклоналды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды және меристемді дақылдарды будандастырып алу. Эмбриондарды трансплантациялау.
Биотехнология салалары
Биотехнология ғылыми пән және өндірістік технология есебінде тірі жасушаның биоөндіргіштік белсенділігін зерттеуге, сапалы өндірушілік қабілеті бар және әртүрлі салаларда: ауыл шаруашылығында; фармацевтикада; тағам өнеркәсібінде; биоэнергетикада; қоршаған орта ремедиациясында; биоэлектроникада; тағы басқаларда қолданылады.
Ауыл шаруашылық биотехнология
Ауыл шаруашылық және тұрмыстағы қалдықтар, автомобильдерден шығатын улы заттар, өндірістен және ірі қалалардан бөлінетін лас суларды тазартуда микробиологиялық биотехниканың маңызы зор. Арам шөптерге, түрлі зиянды жәндіктерге қарсы күресуде қолданылатын пестицидтердің адам үшін зиянды екені белгілі. Сондықтан пестицидтердің орнына экологиялық жағынан тиімді препараттар (энтобактерин, дендробациллин, битотоксибациллин, гомелиндер, т.б.) Биотехнология тәсілімен алынады. Топырақтың құнарлылығын арттыруда да биотехнологияның маңызы зор. Мысалы, ауа азотын пайдаланып, онымен қоректенетін микроорганизмдердің (азотобактер, т.б.) көмегімен бактериялы тыңайтқыштар (нитрагин, т.б.) дайындалады. Мал шаруашылығында, азықтық жемшөпке құнарлығын арттыру үшін ферменттер (аминосубтилин, протосубтилин, т.б.) қосады, соның нәтижесінде жемшөп құрамындағы күрделі қосылыстар (лигнин, целлюлоза, т.б.) жақсы ыдырайды.[1]
Дереккөздер
Әлмағамбетов К.Х. Биотехнология негіздері. Астана, 2006. 213 б.
Объяснение: