М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
fZeo0z
fZeo0z
23.06.2021 02:13 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтінге ат қой. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары
салынды. Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел,
берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт
болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел ғасырлар арқылы
болашағына көз тігеді», – деген еді.
Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера » театры асқақ сән-
салтанатымен көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000
шаршы метрін сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес,
сонымен қатар, әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік
классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын
байқалады.
Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға
арналған. Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік
театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес.
2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы
туындысы – Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан – Сара»
операсымен салтанатты түрде ашты.

👇
Ответ:
nikitenkov20066
nikitenkov20066
23.06.2021

"Астана Опера театры" немесе "Астана Опера театрының тарихы"

Объяснение:

Болады ма?

4,7(24 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
anasasiyakoval
anasasiyakoval
23.06.2021

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген.

4,4(2 оценок)
Ответ:
boglaevab
boglaevab
23.06.2021

Бұл суретте қазақтың салт дəстүрі көрсетілген. Бесікке салу дəстүрі.

Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады.

Объяснение:

Мінекей ;)

4,4(29 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ