СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Кәзіргі таңда кейбір адамдар табиғатты ластайды қоқысты жүрген жеріне лақтырып кете салады, тіпті ағаштарды кесіп, жайнап тұрған гүлдерді жұлады! Осының әсерінен табиғат ластанады! Біз табиғатты аялауымыз керек! Егер де біз табиғатты ластасақ ағаш, гүлдерге су құйып қарамасақ, айналамыздағы барлық заттарға, тіршілікке зиян тиуі мүмкін! Біздің істеген әрбір ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан біз табиғатқа жақсы қарауымыз керек!