М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DashaZhelezniak
DashaZhelezniak
26.12.2022 03:04 •  Қазақ тiлi

Берілген сурет бойынша парталас досыңызға ақпарат беріп, театр қойылымына шақырыңыз 4 тапсырма


Берілген сурет бойынша парталас досыңызға ақпарат беріп, театр қойылымына шақырыңыз 4 тапсырма

👇
Ответ:
elmariya
elmariya
26.12.2022

Біржан сара туралы ақпарат айту:

Премьерасы 1946 жылы 7 қазанда Қазақ опера және балет театрында (Алматы) өтті. 1949 ж. 2-, 3-рет өңделіп, 1957 ж. қайта қойылды. Алғашқы қойылымындағы басты партияларды Ә. Үмбетбаев (Біржанды), К. Байсейітова (Сараны) орындады. Реж. Қ.Жандарбеков, дирижері Г.Столяров, суретшісі А. Ненашев болды.

“Біржан — Сара” көп актілі лирикалық-драмалық опера. Оның негізіне 19 ғ-да өмір сүрген ақын, әнші-композитор Біржан салдың өмірі мен оның Сара ақынмен айтысы алынған. Либреттоға ақын өмірі жайлы деректер және Біржан мен Сара айтысындағы сюжеттік оқиғалар арқау болған. Операның драматургиялық желісінде Біржан мен Сараның махаббатын көрсететін лирикалық бағыт пен Біржан мен Жанбота болыстың арасындағы күресті көрсететін (бұл Біржанның әйгілі “Жанбота” әнінен алынған) әлеум. бағыт қатар жүріп отырады. Біржан салдың шығармаларындағы еркіндік, намыс, адамгершілік мәселелері бас кейіпкердің прототипіне де, операның бүкіл тақырыптық бағытына да негіз болған. Біржан бейнесі әншінің өз әндері (“Айтбай”, “Жанбота”, “Біржан сал”, “Адасқақ”, т.б.) және М. Төлебаевтың музыкасы арқылы ашылған. Опера ұлттық бояуы қанық, әсерлі лирикалық көріністерге, айшықты мелодияға толы. Операда ұлттық музыкалық формалар (әдет-ғұрыптық фольклор “жар-жар”, сыңсу, жоқтау, әсіресе, ақындар айтысы) өте әдемі әрі орынды қолданылған. 4 актілі опера қақтығысқа толы қарама-қайшы көріністерге (1-актідегі бас кейіпкердің нәзік ғашықтық дуэтіне айналатын әдемі айтыс кенеттен Біржан мен Жанботаның қақтығысы көрінісіне ауысып кетеді. 3-актідегі салтанатты той қарама-қарсы екі жақтың жаңа дауымен үзіліп қалады) құрылған. Опера 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінде көрсетілген. “Біржан — Сара” — рухы жағынан қазақтың халықтық эпостарына жақын, шын мәніндегі романтикалық шығарма” деп жазды белгілі музыка зерттеуші В. Виноградов. 1949 жылы операға КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді. Айшықты ұлттық бояуы қанық шығарма қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болып табылады. 1959 жылы бұл туынды Башқұрт опера және балет театрында (Уфа қаласы) қойылды.[1]

Оқып айт

4,7(6 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
aska13aska
aska13aska
26.12.2022

1. Арыстан баб – Түркістан облысы, Отырар ауданындағы көне кесене, сәулет өнерінің тамаша жетістігі. Бұл кесене Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы, "бабтардың бабы" – Арыстан бабтың бейітінің басына ұлы қолбасшы Әмір темір XIV ғасырдың соңында салдырған. Бұл кесене зиярат етіп келушілердің саны шексіз. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан тарихи ғимаратқа жолдан өткен жанның барлығы бір тоқтап кетеді. 2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (Түркістан облысы, Түркістан қаласы) – ғимарат осы күнге дейін керемет сақталған. Кесенені бірнеше ғасыр бұрын Қожа Ахмет Яссауидің жерленген жеріне Әмір Темір қолбасшы тұрғызған. Сондай-ақ, Түркістан қаласын «Екінші Мекке» деп та атайды. 3. Шарын шатқалы – АҚШ-тағы Үлкен шатқалға бәсекелес болатын Қазақстанның әдемі жері. Мұнда мистикалық қызықты орындар, кәрі ағаштар мен бас айналдыратын көріністерге куә бола аласыз. Сондай-ақ, «Қамалдар алқабы», «Ведьмино шатқалы» деп аталатын бөліктері бар. 4. Қатон-Қарағай – туристер бір күн бойы тамашалай алатын және ұзақ демалысқа келуге болатын ерекше орын. Ол жер Ресеймен, Моңғолиямен және Қытаймен шекарада орналасқан табиғи саябақ немесе қорық болып есептеледі. Сондай-ақ, мұнда Рахман қайнарлары деп аталаты ыстық су көздері бар. 5. Қайыңды көлі – бұл көлдің су өте салқын, бірақ ол шомылуды қалап тұрғандарға кедергі емес. Күнгей Алаутауда орналасқан көл осыдан жүз жыл бұрын жер сілкінісі кезінде пайда болған.

4,6(12 оценок)
Ответ:
Alikman123
Alikman123
26.12.2022

Хеопс пирамидасының сырлары.

Пирамиданы адам салғаны рас па?

Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. «Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері «жындар салған болуы ықтимал» десе, бәзбіреулері «бұл - жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі «жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады.

 

Неге олай? Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған сәулетші Пэйдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды. 1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанмен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді.

 

Сондықтан да, Хеопс пирамидасы - адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Грек тарихшылары 7 кереметке: Олимпиядадағы Зевстің статуясын, Галикарнастағы мавзолейді, Ирактағы Семирамиданың аспалы бағын, Родос аралындағы 32 метрлік Гелиос алып мүсінін, Александрия маягын, Эфестегі Артемида ғибадатханасын жатқызады. Бірақ, осылардан бүгінге дейін аман жеткені осы Хеопс пирамидасы ғана. Аңыздарға қарамастан оны салғызған иесі мен қалай тұрғызылғаны жөніндегі деректердің анықталғаны рас. Енді сол тылсым қызықтарға кезек берейік.

 

Таңғаларлық деректер

 

Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен. Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын Хуфу б.э.д 2551-2528 жылдары Ніл өзенінің батыс жағалауына өзінің болашақ моласы етіп салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын, пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.

4,4(40 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ