Саржан деген аңшының әйелі - Айсұлу ұл тауыпты . Балаға « Толағай » деген ат қойыпты . Толағай күн санап өсіпті . Төрт жасында ол нағыз батырға айналыпты . Әкесімен бірге үнемі аңға шығып , атақты аңшы атаныпты . Бір жылы жаңбыр жаумай , қуаңшылық болады . Толағай анасынан : -Жанбыр қай жерге көп жауады ? - деп сұрайды . -Тарбағатай тауында жаңбыр көп жауады , - дейді анасы . Толағай Тарбағатай тауларына барады . Бір тауды арқасына салып көтереді . Ұзақ жүреді . Адамдар жақындап келе жаткан үлкен тауды , оны көтеріп келе жатқан Толағайды көреді . Сол кезде жаңбыр жауады . Халық : « Толағай ! >> -деп айғайлап , куанады . Толағай шаршайды . Абайсызда аяғы тайғанып , жерге құлайды . Толағай таудың астынан шыға алмай қалады . Гүрілдеп тау жылайды . Содан бері бұл тау « Толағай » деп аталады .
Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт -дәстүрлерден этностың мінез - құлқы, үлгі- өнегесі, зейін- зердесі, даналығы мен даралығы, шешендігі мен тапқырлығы, ақыл - ойы, сондай- ақ, жаратушы мен жаратылысқа, өзін қоршаған жанды, жансыз әлемге деген моральдық, танымдық, этикалық көзқарастары көрінеді. Яғни, салт - дәстүр дегеніміз — халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі.
1. Мен үшін шет тілі сабағы өте қызықты өтеді. Мен шет тілінің ішінде ағылшын тілін меңгеруді жөн көрдім. Қазір ағылшын тілінде шағын кітаптарды оқып, жаттығудамын. Өзіме бұл жақсы көмек.
2. Ағылшын тілінің мұғалімі сабақты қызықты етіп түсіндіріп жатқанда, мен зейін қойып тыңдаймын. Сондықтан үй тапсырмасын үйде қиналмастан орындаймын. Және үйде өздігімше тағы дайындаламын.
3. Сабақ үстінде көптеген жаңа мәліметтерден хабардар боламын. Ол мәліметтермен үйде бауырларыммен бөлісемін. Оларда қызыға тыңдайды.
4. Мен үй тапсырмасын қуана орындаймын. Өйткені ағылшын тілін жетік меңгеру менің арманым. Келешекте ағылшын тілі маманы боламын.
рпааап7⁷777дььтиимпкещцвинкв