5. Бүгінгі тақырып бойынша ойларыңды тиянақтап, «Вестермақ» төсілі аркылы у қыт» сөзіне «Бесжолды өлең жазыңдар. 1. Бірінші тармақ (жол) - 1 зат есім, 2. Екінші тармақ - 2 сын есім. 3. Үшінші тармак - 3 етістік. 4. Төртінші жол - кез келген сөз таптарынан тұратын 4 сеѕ, 5. Бесінші жол тағы да бір сөзден (әдетте зат есім) тұрады,
Құрбақа (лат. Bufonidae) – құйрықсыз қосмекенділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған (тек Антарктидада кездеспейді). 21 туысы, 300-дей түрі белгілі. Бұлардың көзінің арт жағында құлақ маңы безі жақсы дамыған, үстіңгі жақ сүйегінде тіс болмайды. Артқы аяғындағы саусақтарының ұшы жартылай жарғақпен байланысқан.
Кәдімгі құрбақаның терісі бұдырлы, мүйізді болатындықтан құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Кәдімгі Қүрбақаның денесінің ұзындығы 20 см, орманды-далалы аймақтарды мекендейді. Жасыл құрбақаның денесінің ұзындығы 14 см-дей, орманды-далалы алқаптарда, биік тауларда да (4500 м-ге дейін) және шөлді жерлерде тіршілік етеді.