Импрессионизм (фр. іmpressіonnіsme, іmpressіon – әсер) – алғаш рет Францияда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизм өкілдері өмірді әсерлі бейнелеуге ұмтылды.
Бейнелеу өнерінде импрессионизмның алғашқы белгілері 19 ғасырдың 60-жылдары суретшілер Делакруа, Констебл, Тернер шығармаларында көрініс тапты. Импрессионизмнің негізін француз суретшілері (К.Моне, О.Ренуар, Э.Дега) қалады. Олардың шығармаларынан өмірдің немесе табиғаттың бір сәттілік бейнесі әсерлі де көркем берілді. Табиғаттың құбылмалы шақтарын, заттардың түсін, жарық пен сәуленің дәл де нәзік өзгеретінін көрсете білді. Импрессионизм өкілдері табиғаттағы құлпырған бай бояу әлемін жіті байқап, анық жеткізуге тырысты. Түстердің түрленуін алғаш көрсеткен де импрессионизм ағымы болды. Францияда 1870 жылдан бастап импрессионизм көркемдік әдіс ретінде қалыптаса бастады. Оның өкілдері өнердің қоғамдық мазмұнынан, бейнені жинақтау және типтендіру принциптерінен бас тартты. Дегенмен импрессионизм адамның өзін қоршаған ортадан алатын сезімдік әсерін, құбылмалы шақтарын, жарық пен атмосфераның ықпалынан зат түсінің өзгеруін дәл де нәзік беруде елеулі жетістіктерге жетті. Олар белгілі бір идеялы тақырыптарға немесе қатып қалған әдістемелі заңдылықтарға бой ұрмай, еркін, өздерінің қалауынша жаза білді. Кескіндемедегі құрылымды (композицияны) еркін құра білді. Импрессионизм образды сомдауда солқылдақтыққа, екі ұштылыққа ұрынып, суреттегі үйлесімділік дәлдігінен алшақтады. Импрессионизм өкілдері бояу қосындыларын қолданбай, тек “таза түстерді” пайдалануды талап ететін пленэр жүйесін жасады. Бұл әдістер импрессионизмнің жалғасы неоимпрессионизм (нео – жаңа) мен постимпрессионизмнен (пост-кейінгі) айқын сипат тапты. Неоимпрессионизмді өмірге әкеліп қалыптастырған Жорж Сера (1859 – 1891). Бұл бағыттағы суретшілер өзіндік жазу техникасын ойлап тапты. Олар кенепке қо таза бояуларды тең түсіру арқылы (Ж.Сера. “Гранд-Жат аралығындағы жексенбілік серуен” картинасында) жазды. Мұндай кескіндемелер мозаикамен түрлендіргендей әсер қалдырды. 19 ғасырдың аяғында импрессионизмге қарама-қарсы постимпрессионизм тарих төріне шықты. Оның ірі өкілдері, ұлы суретшілер Винсент Ван Гог (1853 – 1890), Поль Гоген (1848 – 1903), Поль Сезанн (1839 – 1906) болды. Импрессионистер, негізінен, кескіндеген затының сыртқы бейнесін шыншылдықпен бір сәттік сезімде жазса, постимпрессионистер өздерінің ішкі әлемін, жүрек сезімін бейнелеуге тырысты. Олар, көбінесе, таза ашық түсті бояуларды жиі қолданды (Ван Гог, Гоген). Ал Сезанн айнала қоршаған ортаны (заттарды, адамды, жан-жануарды, т.б.) геом. заттарға балай қабылдады (мысалы, тауды – үшбұрышқа, адам басын, алманы – шарға, т.б.). импрессионизмнің бір сәттік әсерлерге құру принциптері кескіндемеде Ван Гог, Дж.Уистлер, М.Либерман, К.А. Коровиннің, мүсін өнерінде М.Россо, П.П. Трубецкий және О.Роденнің шығармаларынан көрініс тапты
Объяснение:
Цирк қызықтары.
Цирк дегеніміз - сахналық - эстрадалық өнердің бір түрі. Көбінесе, цирк дегенімізде көбіміздің көз алдымызға сайқымазықтар елестейді. Дегенмен, циркте тек қана сайқымазақтар өнер көрсетпейді бұл жерде қаншама өнер иелері түрлі сахналық көріністер қояды. Мысалға алар болсақ, әуеде қалқыған акробаттар, пантомима жанрындағы әртістер, мың бұралған гимнасттар, түрлі фокус көрсететін сиқыршылар, жонглерлік өнер иелері және т.б. Көбінесе цирктегі қойылымдар түрлі трюктерге негізделеді.
Біздің қаламызда цирк бар. Цирк қойылымдарын өткізбей, отбасымызбен бірге барып тамашалағанды ұнатамыз. Әсіресе, маған әуеде қалқыған акробаттар мен сиқыршылардың өнері ерекше ұнайды. Жуырда балалар күніне орай жаңа сахналық көрініс әзірленуде. Соны асыға күтудемін.