Астана туралы сұрақтар құрастыру (жауаптарымен).
Еліміздің бас қаласы? Астана қаласы.
Астананың бұрынғы атауы? Ақмола қаласы.
Қаланың атауы қашан өзгертілді? Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қашан қабылданды? Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады.
Астананы ресми көшіру қашан жүзеге асты? Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.
Астана қаласы қай өзен бойында орналасқан? Есіл өзенінің бойында.
Астана «әлем қаласы» атағын қай жылы алды? 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Елордамызда Халықаралық EXPO көрмесі қашан өткізілді? Халықаралық EXPO көрмесі 2017 жылы өткізілді.
Объяснение:
Балаларға арналған «Балбұлақ» журналы туралы сұхбат.
Аспандияр: Әпке, маған қазақ тілінен сұхбат өткізіп, жауаптарын жазып алу керек еді, көмектесіп жібересіз бе?
Әпкесі: Әрине, қане сұрақтарың болса, жауап берейін.
Аспандияр: Балаларға арналған қандай басылымдар мен электронды журналдарды білесіз?
Әпкесі: «Айгөлек», «Ақ жұлдыз», «Балдырған», «Балбұлақ»... Есіме түскендері осы.
Аспандияр: Бәрекелді, сұхбатымыз осы «Балбұлақ» журналы туралы болмақ. Естуіңіз бар ма? Бұл журнал туралы не білесіз?
Әпкесі: Әрине, білемін. Төменгі сыныптарда оқып жүрген кезімізде біз де бұл журналды оқыған болатынбыз. «Балбұлақ» - балалар мен жасөспірімдердің табигі қабілетін оятып, талабын шыңдауға бағытталған ақпараттық танымдық журнал.
Аспандияр: Бұл журнал қай уақыттан бастап шығады?
Әпкесі: Қателеспесем, 2011 жылдың қырқүйек айынан бастап шығады.
Аспандияр: Ал бұл журнал несімен ерекшеленеді, ішінде балаларға арналған қандай материал басылып шығады?
Әпкесі: Бұл журналдың ерекшелігі – Интернет кеңістігіндегі электронды журнал. Журналда бүлдіршіндердің көкжиегін кеңейтер ертегілер, аңыз-әңгімелер, жаңылтпаш, тақпақтар, жұмбақтар, танымдық материалдар қамтылған.
Аспандияр: Мазмұнды сұхбатыңызға үлкен рахмет, әпке!
Әпкесі: Оқасы жоқ, жаным!