Дендрит арқылы ақпаратты қабылдап, аксон арқылы желідегі келесі нейронға жіберетін нейрон жұмысына қарапайым мысал келтіріп көрелік. Сіз досыңызбен бірге дәмхананың жазғы алаңқайында отырсыз делік. Сыртта отырғандықтан, кұлағыңыздың дабыл жарғағындағы тербелістер арқылы сезілетін түрлі дыбыстарды естисіз. Ол ішкі құлаққа тербеліс жібереді. Өз кезегінде тербелісті қабылдайтын түкшелі жасушалар арнайы сұйықтықта тербеледі. Осы жасушалар нейрондарға сигнал жібереді. Тізбектегі бірінші нейрондар тербеліс жиілігін анықтап, мағынасын келесілеріне жолдайды. Ал келесі нейрондары шуды түрлеріне қарай ажыратып, ұқсастығы бойынша бірнеше каналға бөледі. Мұнан әрі ми шу туралы қабылданған ақпараттың арасынан көліктің дыбысын ажыратады. Артынша оның жеңіл немесе жүк көлігінен шыққан дыбыс екендігін анықтайды. Жинақталған тәжірибеге сүйеніп, миымыз дыбысы арқылы көліктерді қозғалтықышының көлеміне қарай топтастырады. Бірақ досыңызбен әңгімелесіп отырғандықтан, ми досыңыздың сөзін ең басты дыбыс ағымы ретінде ажыратады. Осы кезде көзіңізді жұмсаңыз да, досыңыздың сөйлеп жатқандығын түсініп, даусынан тани аласыз. Оның сөзін жекелей түсініп қана қоймай, интонациясын, көңіл күйін, әр сөзінің мағынасын түсінесіз. Мұның барлығы ішкі құлағыңыз қабылдап, мыңдаған нейрондар өңдеген ауадағы қарапайым тербелістер арқылы жүзеге асады.
Өз басым айтылған пікірмен толықтай келісемін. Себебі, біріншіден, адал достар арасында ешқандай есеп айырысу болмау керек. Осы орайда, «Досыңа қарыз берме, берсең, сұрама» деген нақыл сөз есіме түсіп отыр. Себебі, досың қиналған сәтте сенен қарыз алады және жағдайы келіп жатса, міндетті түрде қайтаруға тырысады деп ойлаймын. Ал егер, қайтып бере алмай жатса, бергеніңді міндетсінбеу керек. Бұл достар арасына кірбің салады.
Ал екіншіден, дос болған адамның сыртынан ешқашан жаман пікірлер айтып, қауесеттерге ермеу керек. Себебі, адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ал сен досыңды жамандайтын болсаң, демек өзің де сондайсың.
Сондықтан да, ұлы дана Абай атамыз айтқандай бес дұшпанның біреуі саналатын өсектен аулақ болып, достық қатынасты сақтай білейік. Өйткені, достық қарым – қатынас өмірімізде өте маңызды, адал дос табу оңай емес. Әрқайсымымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Осындай достарымыз көп болып, достықтарымыз мәңгілік болсын дегім келед