Қыс – мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы. Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып жататын ақ қардың аңғалдығы, күн түссе еріп кететін нәзіктігін-ай!
Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған дауыс құлағыңа жеткен кезде құрышы қанып, көңілі босап сала беретіні де рас. Бұл – аппақ қардың дауысы. Қылышын сүйретіп келген қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жаныңызда бір жылулық бар. Бұл – мезгілдің адамға әсері.
Қыс – балалық шақтың естелігі. Қыс – аппақ қар секілді кіршіксіз сезімдердің бастамасы. Шанасын көтерген балақайлар, олардың жүзіндегі қуаныш, қамсыз көңіл – бәрі-бәрі адамды бей-жай қалдырмайды. Қыстың самалына тоңған сыңай танытып, құшағыңызға тығылған сүйіктіңізді көргенде әлем сіздің алақаныңызда тұрғандай күй болады. Көктем бүр жарған сезімдерді қайта оятушы болса, қыс сол нәзіктікті ұстайтын, берік ететін мезгіл.
Омбы қарға көміліп, аунаған сайын қардың салқыны сезілмей де қалады. Табан астында – аппақ көрпе, төбеңізде – күн сәулесі. Бүкіл әлем күнәсіз періште дүниеге оң көзімен қарап тұрғандай. Сәулемен шағылысып көздің жауын алатын қар ұшқыны бейне бір жақұт тәрізді. Қолыңызға түссе еріп, бетіңізге тисе сусып сала беретін мамық қардың сізге айтары бар секілді...
Төрт мезгіл ішіндегі ең ұлы пейзажды жасайтын – қыс. Қаңтарда қақап, ақпанда сеңі соғылып, наурызда қоштасатын мезігілдің сезім алдындағы пәктігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Терезеңізге сезім білдіріп жүрген аязды көресіз бе...?
Қыс – тазалық пен пәк көңілдің, тұнықтық пен тылсым құбылыстың мезгілі.
«! » сөзінің аудармасын тап. (найди правильный перевод)
а) сәлем!
ә) сау бол!
б) сәлеметсіз бе? !
в) сау болыңыз!
«» тиісті әріпті белгіле. (укажи нужную букву)
а) ы
ә) і
б) и
в) е
«оқулық» сөзінің аудармасын тап. (найди правильный перевод)
а) учить
ә) учитель
б) ученик
в) учебник
қазақ тілінің төл дыбысы бар сөзді тап. (найди слово в
котором есть буква казахского языка)
а) парта
ә) терезе
б) тақта
в) бор
жасы үлкен көрсет. (укажи человека старшего по возрасту)
а) әже
ә) ана
б) әпке
в)
сіңлі
оқу құралдарын белгіле. (укажи школьные принадлежности)
а) парта, орындық, үстел
ә) сынып, терезе, есік
б) қалам, қарындаш, дәптер
в) машина, қуыршақ, доп
«диляра кітап оқыды» аудармасын
тап. (найди правильный перевод)
а) диляра читала газету
ә) диляра читала книгу
б) диляра читала журнал
в) диляра ничего не читала
жуан сөзді көрсет. (найди слово которое звучит твердо)
а) әже
ә) ата
б) әке
в) іні
буынға бөлінбейтін сөзді тап. (слово которое не делится на слоги)
а) доп
ә) машина
б) қуыршақ
в) робот
«бес дәптер» аудармасын тап.
(найди правильный перевод)
а) две тетради
ә) три тетрадей
б) четыре тетради
в) пять тетрадей
«асқару 8 лет» аудармасын тап. (найди правильный перевод)
а) зере алты жаста.
ә) әділ жеті
жаста.
б) асқар сегіз жаста.
в) ерасыл тоғыз жаста.
сен нешінші сыныпта оқисың?
а) бірінші
ә) екінші
б) үшінші
в) төртінші
«оқ» (ученик) тиісті әріпті көрсет.
(укажи нужную букву)
а) ы
ә) у
б) ұ
в) ү
дұрыс жазылған сөзді тап. (найди правильное словосочетание)
а) жағсы дос
ә) жаксы дос
б) жақсы дос
в) жагсы дос
буынға дұрыс бөлінген сөзді тап. (правильно разделенные слова)
а) жақ-сы дост-ар
ә) жа-қсы дос-тар
б) жақс-ы дос-тар
в) жақ-сы дос-тар