- 2-нұсқа
Оқылым. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі кестені толтыр. Бірінші бағанға
жалпы сұрақтарды, екінші бағанға мәтіндегі негізгі сөздерді жаз. Ал үшінші бағанға
термин сөздерді қолдана отырып, жауабыңды жаз.
«ЭКСПО» атауы «экспонат» деген сөзден шыққан. Қазақша «жәдігер», яғни ол –
жер жүзін мекендеген барша халықтың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген
жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Онда ЭКСПО-ның кезекті таңдаған
тақырыбына орай а ң бұрын-соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына
ұсынылады.
ЭКСПО 2017 жылы Қазақстанда Астана қаласында өтті. Оның тақырыбы
«Болашақ энергиясы». Әлемнің барлық өнертапқыштары мен ғалымдары өздерінің
«жасыл» технологиялардағы жетістіктерін көрсетті. Егер бұрын адамдарды жаңа
мәшинелер мен пойыздар қызықтырған болса, қазір жылытуға энергия шығыны аз кететін
үй салу қызығырақ болып отыр.
ЭКСПО - тек технологиялық жетістіктердің көрмесі мен болашақ технологияларды
көруге деген талпыныс қана емес, сонымен қатар барлық қонақтарға арналған аумақты
мәдени бағдарлама. Көрмедегі бірінші нысан - «Нұр әлем». Ол инженерлік ой мен
архитектура тұрғысынан тартымды. Салмағы 13 мың тоннадан астам, 2824 әйнектен
тұрады. Әрбір әйнектің салмағы 600-ден 800 кг дейін тартады. Бұл әйнектердің ерекшелігі
екі жазықтықта иіліп, осылайша бұрышсыз сфералық пішінді келтіріп тұрады. Олар
тегіс, үрленген шар сияқты. Бұл – диаметрі 80 метрді құрайтын, 20 метрлік павильонның
үстінде шар орналасқан әлемдегі жалғыз ғимарат. Басты нысан - «Нұр әлем» деп аталып,
болашақ мұражайға айналады. Себебі онда ғарыш, Күн, су, жер, кинетика энергиясына
қатысты алуан түрлі жобалар ұсынылған. «Нұр әлем» сфералық ғимараты көрмеден
қалған мұра болды.
(«Лондоннан Астанаға дейін» кітабынан)
-
Қоғамның саяси жүйесі Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.
Бұл барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді (мектеп, институт, театр) жүзеге асыратын барлық мекемелер.Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады.
Объяснение:
Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар.