М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
кошка452
кошка452
02.04.2021 22:19 •  Қазақ тiлi

Өтінем өтінем кім біледі әперем Қазақстан тарихы


Өтінем өтінем кім біледі әперем Қазақстан тарихы

👇
Открыть все ответы
Ответ:
66ХОХ66
66ХОХ66
02.04.2021

1. А) Тұйық

2. D) Көптік

3. Е) -мен, -пен

4. D) бас, аяқ, қол

5. A) қорқақ

6. В) кінәлі, айыпты

7. D) қайыңдар

8. В) Айман

9. D) Ұшып кетеді

10. D) Сабақты жақсы оқыса, озат оқушы болады.

11. В) Аш, ат, от

12. D) Жақсың қайсы

13. D) Заттың реттік санын білдіреді.

14. B) - лық

15. A) Қашанға дейін?

16. D) Әдемі, сұлу

17. A) Серт

18. А) Кім, не

19. A) 5

20. С) Ң, Й

21. А) Ақ

22. D) Он бірінші

23. В) Тазалық

24. D) Жақсы адам

25. А) Биік, аласа

26. B) Шартты

27. D) Ах! Болат сен кешегі гала-концертті көрдіңбе?

28. D) Әдемі қыз

29. D) Биыл

30. С) адам

Объяснение:

1. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: ашық, тұйық, бітеу

2. Көптік жалғау - жалғанған сөзіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты түрі қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер (қала+лар, дәптер+лер, ғалым+дар, гүл+дер, хат+тар, мектеп+тер)

3. Көмектес септігінің жалғаулары буын үндестігіне бағынбайды: бала+мен, кітап+пен

4. Бір буынды сөздер тасымалданбайды

5. Мысалы: Өй, нағыз қоян жүрек өзің едің ғой (Ауызекі тіл)

6. Қалған тіркестер антонимдер не болмаса мағыналары мүлдем бір-бірінен алшақ сөздер

7. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з

8. Үнді дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у, й

9. "ұшып кетеді" - (Не істейді?)

10. "оқыса" - (қайтсе? не істесе?)

11. Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.

12. айтар - етістік, сен - есімдік, ешкім - есімдік, жақсы - сын есім, біреу - есімдік

13. Мысалы: бірінші, екінші, он бесінші, т. с. с.

14. Бала+лық=балалық

15. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - Қашан? Қай кезде? Қашаннан бері? деген сынды сұрақтарға жауап береді

16.  Қалған тіркестер антонимдер не болмаса мағыналары мүлдем бір-бірінен алшақ сөздер

17. серт - бір буынды сөз, сол себептен буынға бөлінбейді; қалған сөздер: уә-де, бол-жам, қа-ғи-да, е-ре-же; бірнеше буыннан құралған, олар буынға бөліне алады.

18. Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы?

19. Сөйлем мүшелері: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш

20. Қазақ тілінде Ң, Й әріптерінен басталатын сөздер жоқ

21. Дара сын есім бір түбірден құралады

22. Нешінші? Он бірінші

23. таза+лық

түбірі - таза, лық - жұрнақ

24. Қалған тіркестер ауыспалы мағынада берілген

25.  Кілтпен ашты - сөз тіркесі; әдепті бала - сөз тіркесі; әдейі, арнайы - синонимдер; қалаға барды - сөз тіркесі

26. Ол жақсы оқыса, университетке түседі.

27. Ах! - көңіл-күй одағайы

28. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Қандай қыз? Әдемі қыз

29. Биыл (қашан?) Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығын тойлады.

30. «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл»

қазақтың мақалы ғой:)

4,7(24 оценок)
Ответ:
Mаjоr
Mаjоr
02.04.2021

Мен бос уақытымды қалай өткіземін?

Мен сабақтан бос уақытымды өзімнің сүйікті хоббиіме арнағанды ұнатамын. Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.

Менің сүйікті хоббиім - сурет салу. Сурет салумен мен үш жасымнан айналысамын. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барамын. Сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.

Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындаймын.

Қаладағы көркемсурет галереясының бірде бір көрмесін жіберіп алмай, міндетті түрде барып тұрамын, себебі белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары ешкімді де бейжай қалдырмасы анық, әрі осы арқылы рухани азық алып, сусындауға болады. Сонымен қатар қазіргі таңда аса танымал болған шеберлік сабақтарына қатысып, бұрын білмеген нәрселерімді үйренуге тырысамын.

Алдыма мақсат қойып, болашақта аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.

4,8(33 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ