М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ros25
ros25
24.06.2020 15:50 •  Қазақ тiлi

Томас Эдисон электр шамын ойлап тапқан адамзат тарихының ең ұлы өнертапқыштардың бірі. Томас Эдисон 1847 жылы, 11 ақпанда Огайо штатында Милан қаласында дүниеге келген. Жеті жасында барған мектебінде үш айға жетпей «Үлгерімі нашар» деген себеппен мектептен шығарылды. Кішкентай кемеңгерді ұстаздары түсіне алмаған болатын. Томас Эва Эдисон ол күні сабақтан үйге келгенінде қолындағы қағазды анасына беріп, «Бұл қағазды ұстазым берді және тек қана сізге беруімді ескертті» дейді. Анасы мектептен жіберілген қағазды оқып отырып, көз жасына ерік береді. Кейін баласына бұл хатты дауыстап оқып берді: «Балаңыз өте данышпан. Бұл мектеп ол үшін кішкентай және оны жетілдіретіндей дәрежеде мұғалімдеріміз жоқ. Өтініш, оны өзіңіз оқытыңыз...». Анасы оны мектептен шығарып алды және өзі оқыта бастады. Айналасындағы достарынан жәрдем алды. Арнайы мұғалім жалдады және физика, химия, пәндеріне қызығушылығы артқан баласын жігерлендіріп отырды. Тіпті үйде лаборатория құруына мүмкіндік берді. Және анасының бұл еңбектері жемісін берді.
Арадан ұзақ жылдар өтеді. Эдисон анасы қайтыс болғанда сол дәуірдің ең данышпан, ең беделді ғалымдарының біріне айналған болатын. Бір күні ескі заттарды реттеп отырып тартпаның бұрышында бүктеулі жатқан қағазды алып оқиды. Бұл әлгі мектеп мұғалімнің анасына жіберген хаты болатын. Қағазда: «Балаңыздың ақылы кеміс. Оның мектебімізде оқуына рұқсат бере алмаймыз» деп жазылған еді. Томас Эдисон сағаттап жылап,біршама уақыттан соң күнделігіне мына мәтіндерді жазды: «Томас Эдисон қаһарман анасы тарапынан, жүз жылдың данышпанына айналған ақылы кеміс бала еді...»

1.1 Мәтінге сай мақал-мәтелді көрсетіңіз.
Еңбек түбі береке
Отан оттан да ыстық
Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы
Балалы үй базар
Баласыз үй мазар

1.2. Не себептен Эдисон оқып жүрген мектеп оны оқытудан бас тартты?
А. Бала шектен тыс бұзақы болды.
В. Оқушылармен қарым-қатынасы нашар болды.
С. «Үлгерімі нашар» деген себеппен.
Д. Еш себепсіз.

1.4. «Жігерлендіру» сөзінің антонимы
А. жамандау
В. кері қайтару
С. қолдамау
Д. жолы болмау

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Lastivka2016
Lastivka2016
24.06.2020
Ұстаз — мектептің жүрегі, баланың тірегі, екінші анасы әрі қамқоршысы.
Мен ұстаздардың еңбегін бағалаймын,сондықтан олардың еңбектерінің еленгенін қалаймын.Өйткені олар — бала үшін жанын салып, білімнің бар кәусар бұлағын ашып, біздің санамызға сәулесін төгіп,нұрын шашатын жақсылық иелері. Олай дейтінім, жақсының жақсылығын айт, нұры тассын дегендей, мен өзімнің сынып жетекшіммен мақтанғым келеді. Ол кісі -сондай мейірімді, ақылды, ақкөңіл әрі өте білімді адам.Бізге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін сынып жетекшіміздің барлық сабақтары қызықты өтеді,өйткені,ол — өте ізденімпаз жан. Сыныптағы 15 қыз бен 6 ұлдың көңілін тауып, бәрін өз баласындай көретін керемет құрметке лайық апайымыздың еңбекқорлық,бауырмалдылық,ұйымшылдық қасиетін біз ешқашан ұмытпаймыз.Сабақ оқимыз,сабақта тыныш отырамыз, барлықіс-шараларға белсенді қатысамыз, бұның бәрі — Ергүл Қуандыққызының еңбегінің арқасы.
4,8(20 оценок)
Ответ:
Mаjоr
Mаjоr
24.06.2020

Мен бос уақытымды қалай өткіземін?

Мен сабақтан бос уақытымды өзімнің сүйікті хоббиіме арнағанды ұнатамын. Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.

Менің сүйікті хоббиім - сурет салу. Сурет салумен мен үш жасымнан айналысамын. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барамын. Сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.

Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындаймын.

Қаладағы көркемсурет галереясының бірде бір көрмесін жіберіп алмай, міндетті түрде барып тұрамын, себебі белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары ешкімді де бейжай қалдырмасы анық, әрі осы арқылы рухани азық алып, сусындауға болады. Сонымен қатар қазіргі таңда аса танымал болған шеберлік сабақтарына қатысып, бұрын білмеген нәрселерімді үйренуге тырысамын.

Алдыма мақсат қойып, болашақта аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.

4,8(33 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ