Тыңдалым Электр куатын үнемдеу - жаһандык денгейдегi маңызды мәселе. Оның балама көзін карастыру үшін әлемнің сарапшылары талай бас косты. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу үшін Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келді. Ол елiмiздi аралап, желдiн согу багытына зерттеу жұмысын жүргізген. Бiзде жел куатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы жоспар бойынша сағатына 1,82 трлн. киловат куат өндіру көзделген. Ал багдарламаның екiншi болiмiндегi бес мегаваттык жел куаты бекеті Қытай шекарасына жакын Жоңтар қақпасының маңайында болады. Осы жобаны жүзеге асыруға Вашингтондағы Әлемдік қоршаған ортаны қорғау тәуелсіз ұйымы екi миллион доллар каржы белген. Ал осыган дейін Оңтүстік Қазақстан облысынын Кентау каласында және Караганды облысында жел станциялары салынган. Балама куат көздерін шығаруда биокалдыктардын да орны ерекше. Бейресми ақпаратта көрсетілгендей, жыл сайын мал шаруашылығы саласында құрғақ күйінде 22,1 млн. тонна калдык болады екен. Сонымен бiрге, 17,7 млн. осiмдiк калдыгын жарату мүмкiндiгi бар. Жетісу өлкесіндегі су жүйесi елiмiздегi судын жартысын құрайды. Мұнда бес шагын су электр станциясы пайдалануга берілген. Ендеше, су көзі тапшы аймақтар жел куатын пайдалану керек. Алпыска жуық мемлекет өздерiне жел куатымен жумыс істейтін электр станцияларын салған. Сондықтан бiзге де колда бар мүмкіндікті пайдаланатын уақыт жетті. 1. Мәтінге тірек болатын создерді табыцыз. А) Ауыл, зерттеу, топырак В) Отан, бала, кала С) Станциялар, зерттеу, қаржы Д) Зерттеу, адамдар, куш [1]
"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келед Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Қазақстанда, оның елордасы Астанада достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай. күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынған. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің символы болсын. Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-брлігіміз арта берсін, ағайын! Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табыладыЕліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз. Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын ағайын!
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/45589/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Объяснение: