М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
AronP
AronP
25.11.2020 21:55 •  Қазақ тiлi

Қысқы демалыс тақырыбында шығарма жазып беріңдерш

👇
Ответ:
полли43
полли43
25.11.2020

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалаймыз. Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі — Жаңа жыл. Бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Балалар аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып,  көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Жаңа жыл мерекесін тойлап болған соң қысқы демалысымызға шығамыз. Қыс мезгілінде барынша жылы кейінеміз. Қанша дегенмен қыстың өз қаталдығы бар. Менің қысқы демалысым өте қызықты өтті. Мен атам мен әжемнің үйіне және көкемнің үйіне қыдырдым. Көкемнің балаларымен коньки тебуге бардық. Қораның ішінде аққала жасап, шанамен ойнадық. Қыс мезгіліндегі даладағы ойындар, әдемі жерлердегі серуедер өте керемет болды. Қыстың аппақ қарымен, өзіндік қаталдығы бар ызғарынан ерекше әсер алдым. Қыс мезгілі мен үшін ерекше таңғажайып мезгілдей сезімде болдым. Қысқы демалысымда жақсы демалдым. Үшінші тоқсанға ерекше ықыласпен, үлкен күш қуатпен сабағыма кірістім десем болады.

4,6(15 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
olgavoronina19
olgavoronina19
25.11.2020

Сотқар мысық.

 Күздің бір күнінде Арманның сары ала мысығы үйден шығып бақты аралап жүреді. Бір мезетте ағаш түбінде жүрген кірпіні көзіп шалып қалады. Мысық аңдап кірпінің қасына тақады. Бұны сезіп қалған кірпі дәл сол мезетте денесін жасырып, инелерін шығарып домаланып жатып алды. Мысық оны қозғалта алмады. Ақыр соңында кірпінің арқасынан тырнақтарымен салып қалып еді, қан саулай жөнелді. Мысық жан ұшыра мияулап үйге әзер жеткен еді. Ал кірпі болса мысықтан құтылғанына қуанып тіршілігін жалғастыра берді.

4,7(27 оценок)
Ответ:
Meow100
Meow100
25.11.2020

Айтыс - халық мұрасы.

Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.

Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай салт – дәстүрімізді дәріптеп, одан әрі жалғастыру керек.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдары ұмыт болып бара жатқан өнер халыққа қайта қызмет көрсете бастады. Жалпы, Тәуелсіздікті дайындаған айтыс өнері болды деп айтсақ артық емес. Сонау советтік дәуірде халықты оятып, рухын көтерді. Сөйтіп, 80-ші жылдары алысқа бармайды деген өнер ХХ ғасырда өз дамуын тапты. Сосын осыншама жылдар аралығында қайта жаңғырып, өнер ретінде өсті. Салыстырмалы түрде қарасақ, 80-жылдардағы айтыс пен қазіргі айтысты салыстыруға келмейді. Өйткені, қазір айтыстың көркемдік, интеллектуалдық деңгейі өсті. Айтыс өнерінің дәрежесі жазба поэзиямен бақталаса бастады. Айтысты көтеріп берген жекелеген азаматтар бар. Кешегі 80-ші жылдары Манап Көкенов, Қалихан Алтыбаев, Көкен Шәкиев, Тәушен Әбуова, Шынболат Ділдебаев деген сияқты ескінің көзін көрген ақындар болды. Енді солардың ізіне жастар ерді.

4,7(75 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ