Жазылым Бір сәт уақытты алдыға жылжытып көрелік. Сіз мектепті үздік аяқтап, қалаған мамандығыңыз бойынша маман атандыңыз (Өзіңізді қандай мамандық иесі ретінде елестетесіз?) Қолыңызда дипломыңыз бар. Сізді Астана қаласына қызметке шақырды деп елестетіңіз (Сізге ұсынылған лауазым болуы мүмкін? Ойланып көріңіз.). Жаңа қызмет орнына тұруыңызға байланысты өз өмірбаяныңызды жазыңыз.
Алпамыс Гүлбаршынды алуға кеткенде, қалмақтың Тайшық ханы Байбөрінің жылқысын алып кеткен екен, әкесі Алпамыстың алдынан шығып, малының жау алғанын айтып, қатты ренжіс білдіреді. Алпамыс ел-жұртына ата, анасын, әйелін тапсырады да, Тайшық еліне жалғыз жол тартады. Оның аттанып шыққан түні Тайшық хан Алпамысты түсінде көріп, қалай ұстаудың амалын іздейді. Ол амалдарды табушы бір мыстан кемпір болады. Мыстан: «Балама қызың Қаракөзайымды берсең, Алпамысты ұстап беремін», - дейді. Хан қызын беретін болады. Кемпір батырды алдап қолға түсіру үшін 40 отау, 40 қыз алып, Алпамыстың жолын тосады. Кемпір Алпамысқа кездесіп: «Сенің жылқың үшін соғысып, бірдей өлді, жеңгелерің жастай жесір қалды, түсіп, көңілін аула, қонақ бол», - деп алдап үйіне әкеледі де, мас етіп, қолға түсіреді.