достық[1] – ң бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. мысалы, біреуінде ққ не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “досы жақсының, өзі де жақсы”, “дүниеде ң жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; саясаттанудағы достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, қ, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.[2]
нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Құстар келді
Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі қысқы ұйқыдан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп жарыса айналаға жар салғандай әндете түседі. Құстарды «көктемнің жаршысы» десек те болады. Жыл құстарының ішінде ең алғаш болып ұшып келетін құс - ұзақ, қарғадан сәл кішілеу, егер ұзақ ұясын биікке салса жаз жылы, шуақты болады, ал егер де төменге салса онда жаз салқын, жаңбырлы болады деп болжайды.
Құстар - керемет тіршілік иелері, әрі құстар - біздің досымыз. Көк аспан құстардың мекені, аспанды құссыз елестету мүмкін емес.
Міне, кезекті көктем келіп, күн жылынғанымен қоса, көктемнің жаршылары – құстар да жылы жақтан қайтуда. Жан – жақтың бәрінен тамаша құстардың сайраған дауыстары естіледі. Олар табиғатқа ерекше сән беріп, құстардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Сөзімді әдемі өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен!
Думаю понятно