Достық туралы мақал - мәтелдер.
- Дос - ажарың, жолдас - базарың.
* * *
- Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар - үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа хат берсең де жарасар - ұмытса есіне алсын деп.
* * *
- Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
* * *
- Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.
* * *
- Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын.
Ол әрқашанда сенімді.
* * *
- Досың дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан.
* * *
- Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
* * *
- Жаман жолдастан таяғым артық.
* * *
- Күлме досыңа – келер басыңа.
* * *
- Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
* * *
- Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.
2.Әнші құм, Айғай құм - Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе.
3.Шайтанкөл — Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысында 5 км жерде, Бұғылы тауының теңіз деңгейінен 1200 м биіктігінде орналасқан.
4.Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық.Ол 1926 ж. құрылған.