Объяснение:
Қобыланды батырдың өмірбаяны«Қобыланды батыр» жырының алғашқы нұсқасын Ы. Алтынсарин Марабай жыраудың аузынан жазып алып, «Тайбурылдың шабысы» деген саласын өзінің «Хрестоматиясында» пайдаланған. Жырдың басқа да үзінділері революцияға дейін «Дала уалаяты» (1899), «Туркестанские ведомости» (1899), «Тургайская газета» (1901), «Труды Оренбургской научной комиссии» (1910) сияқты басылымдарда сөз бола бастайды. 1914 жылы Қазанда Тұяқбай нұсқасы, 1922 жылы Ташкентте Ә.Диваев жинаған нұсқалар басылған.
Ә.Диваев нұсқасы көптеген жинақтар мен оқулықтарға еніп келді. Ұлы Отан соғысынан соңғы жылдары М.Ғабдуллин «Қобыланды батыр» тақырыбынан докторлық диссертация қорғап, монографиясын жарыққа шығарды.Жырдың 15 түрлі нұсқасын ашқан да М.Ғабдуллин еді. Бүгінде жырдың 29 түрлі нұсқасы белгілі болып, ғылыми оралымға еніп отыр.
мағанда керек болып тұр өтынем тауып беріңіздерші өтінем