Объяснение:
"Мен-баламын, мен-азаматпын"
Үлкендер әрдайым құттықтау, тілек болсын, үлкен азамат бол деп айтады. Мен үшін бұл сөздің мәні терең. Азамат деген кім?
Азамат ол өз отбасының ғана емес, Отанының да қорғаушысы. Қыз бала еліне ұлы ұрпақ сыйлап, азамат тәрбиелесе, ұл балалар ұйқымыз тыныш болсын, еліміз аман болсын деп тырысады.
Азамат әлсіз, көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге тырысады, себебі барлығымыз бір Қазақстан деген үйдің адамдарымыз.
Отан отбасынан басталады деп дұрыс айтылған. Дұрыс тәрбиеленген қыз бен бала өз Атамекенінің нағыз азаматы болатына сенімдімін. Әрдайым тек жақсылыққа талпыну қажет. Оны жасау қиын емес. Мысалы, көшеде әжені жолдан өткізіп, біреудің жағдайына немқұрайлық көрсетпей, қолынан келгенше көмек көрсету.
Мен - баламын, ата-анам мақтан ететін, болашақта Отаныма қызмет атқаратын азаматпын.
Біздің отбасы- үлкен отбасы болып саналады. Отбасымыз он төрт адамнан тұрады. Ең сыйлы орын төрде атам мен әжем отырады. Онан соң анам мен әкем орналасады. Қалғандарымыз жасымызға қарай отырамыз. Отбасымыздағы әрбір күн біз үшін мереке. Үлкенді сыйлау, адамдармен сыйласу, үлкенге қызмет көрсету, кішіге көмектесу біздің отбасында сөзбен емес, әрдәйім іс жүзіндегі, күнделікті өміріміздегі қалыпты жағдай. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін. Қазір біздің отбасындай үлкен отбасы кездесе бермейді.
Ас адамның арқауы.
Өте орынды айтылған сөз. Егер адам аш болса оның әлі де, көңіл күйі де, ешбір іске зауқы да болмас еді. Ал, әрдайым көңілсіз жүрген адамның жүйкесі жұқаратыны белгілі. Күші тіпті болмай, әлсірейді. Осылай денсаулығынан да айрылады. Сондықтан, уақытылы, құнарлы тағамдармен тамақтанып, ас адамның арқауы екендігін есте ұстаған абзал.