Болашақты болжай білген бабалар.
Екі миллион сегіз жүз мыңдай шаршы квадратты алып жатқан қазақ елі болмысынынан кеңпейіл,қонақжай,батыр да батыл,дана халық екенін білеміз.Бұл қасиеттермен қатар қазақ халқының болашақты болжаушылық қасиеті де таңқалдырмай қоймайды. «Өткенді білмей,болашақты болжай алмайсың» демекші,әрине,болжау көпті көрген,білген адамның қолынан ғана келеді.Осыдан мындаған жылдар бұрын қазақ халқының басына небір нәубеттер түскенде ел жанашылары,белді тұлғалар елдің болашағын күңірене болжаған еді.Солай елдің ертеңін ойлаған Асан қайғы:
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Бабалардың дәурені тәмам болар,— деп таусылуы орынды еді.Қазіргі таңда он сегіз миллиондай халқымызбен ата - бабамыз тек жақсылыққа болжап кеткен дүниелерді жүзеге асырып жатқандығына мен сенемін.
ответ
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы - тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені, ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы - қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет идеясын құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы - тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде.
Объяснение