Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын зер сала оқып шыққан әр адамның жарқын болашаққа деген сенімінің арта түсетіні анық. Аталған мақалада Елбасы халқымыздың болашағы туралы кемелді ойларын жүректен өткізе отырып, толғана баяндайды. Ол халқымыздың бүгіні мен ертеңі туралы келелі ой қозғап, игі мақсаттарды анықтап, оған бастар жолды саралап берді.Еліміздің жас ұрпақты білім мен ғылымға баулып жүрген ұстаздар қауымы үшін аталған мақаланың әсіресе «Білімнің салтанат құруы» атты бөлімінде айтылған ойлардың маңызы зор. «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет»-деп Елбасы атап өткеніндей халқымыздың білімге деген құштарлығына айқын дәлелдер жетерлік. Шешілуі қиын небір дауларға нүкте қоя білген бабаларымыздың шешендігінің өзі терең білімнен бастау алады. Алысқа бармай-ақ өз өлкеміздің берідегі тарихына үңілсек – алты алашқа аты шыққан атақты Мамания мектебі. Мыңғырған малы мен байлығын келер ұрпақтың біліміне жұмсаған атақты бай Маманның балалары ұйымдастырған мектептің қабырғасынан қазақтың небір айтулы азаматтары білім алды. Ақсу-Қапал өңірлерінің алғашқы мұғалімдерін даярлап шығарған Мамания мектебінің қазақ жастарының білімге деген құштарлығын оятудағы орны ерекше болды. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»- деген қазақ қағидатын берік ұстанған қазақ байларының бұл бастамасы расында да Тәуелсіз Қазақстанның басшысы Н.Назарбаевтың «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» деген сөзіне дәлел. Қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері Біләл Сүлеев пен ақсұңқар ақын Ілияс Жансүгіров оқыған білім ошағы сол кезде білімге құштар қазақ жастарының ұстаханасы болды.
Қазақтың алғашқы білімді жастарының бірі – Барлыбек Сырттанов. Біздің мектебіміз осындай қазақ тарландарына үлгі бола білгеналаш қайраткерінің есімімен аталады. Орта білімді Верныйдағы ер балалар гимназиясынан алған ол оқуын Санкт-Петербург университетінде жалғастырады. Білімге деген құштарлықтың арқасында тұңғыш рет «Қазақ елінің уставын» жазған Б.Сырттанов алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Сералиндермен бір сапта еңбек етті. Біздің мектепте қайраткер Сырттановтың еңбектеріне арналған шаралар жиі өткізіліп тұрады. Мұндай шаралар барысында бүгінгі ұрпақтың жан-жақты білімімен қатар, құқықтық сауаттылығын арттыру да назардан тыс қалмайды.
Елбасының жоғарыда аталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бүгінгі технологиялық революцияның нәтижесінде таяу онжылдықта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетуі жайлы айтылған.
Осы орайда біздің Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектептің ұстаздар қауымы заман көшінен қалыспай озық технологияларды меңгеруді амақсат етіп, түрлі семинар, тренинг, конференциялар өткізіп, тәжірибе жинақтауда. Соның бірден-бір дәлелі мектеп ұстаздары жаңартылған бағдарлама мен курстарды оқытудағы тәжірибені, одан алынған нәтижелерді өздерінің білім қорына жинақтауды әдетке айналдырды. Әлемде білім деңгейі үздік деп танылған Кембридж университеті болса, сол университетпен келісім шартқа Қазақстан мемлекеті қол қойып, мемлекетімізде Кембридждің оқыту әдіс-тәсілдерін оқытуда. Қазіргі таңда ұстаздарымыз аталған университеттің зерттелген ең үздік әдіс-тәсілдерінен білім алып, кәсіби шеберліктерін шыңдауда. Біздің мектепте барлығы 36 мұғалім қызмет атқарса, оның ішінде 6 ұстазымыз осы аталған курстың І, ІІ, ІІІ деңгейді оқып, біздің мектепке жаңа бағдарламаны енгізіп, мектепішілік курстар өткізуде. Сол ұстаздардың бастамасымен қазіргі таңда мектеп ұстаздары жаңартылған бағдарлама бойынша білім алып, әрқайсысы осы аталған бағдарламаның сертификаттарын иеленді.
Елбасының «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»-деген сөзін басшылыққа алған мектеп ұжымы жас ұрпаққа тәлімді тәрбие, сапалы білім беруде талмай ізденіп, жаңа бастамаларға қызу үн қосуда.
На сегодняшний день, знание нескольких языков является необходимым навыком и требованием современности. Приоритет, конечно же, отдается казахскому языку, как государственному языку, русскому языку, как языку межнационального общения и английскому языку, как международному языку.
Республика Казахстан, являясь многонациональной страной, где проживают представители более 130 наций, народностей и этнических групп уделяет вопросу о развитии языков особое внимание. В Послании 2007 года «Новый Казахстан в новом мире» Нурсултан Назарбаев предложил начать поэтапную реализацию культурного проекта «Триединство языков», согласно которому необходимо развитие трех языков: казахского как государственного, русского как языка межнационального общения и английского как языка успешной интеграции в глобальную экономику: «Казахстан должен восприниматься во всем мире как высокообразованная страна, население которой пользуется тремя языками».
Современный человек сегодня характеризуется как личность, свободно владеющая двумя и более языками. В связи с этим в вузах и школах нашей страны идет поэтапная реализация культурного проекта «Триединство языков». Идею выражает простая и понятная формула: развиваем государственный язык, поддерживаем русский и изучаем английский. Овладение английским языком дает возможность обучения за рубежом в лучших вузах мира и создает возможность получения практического опыта в передовых странах планеты.
Потребность овладения казахским, русским и английским языками создает базу для образования триязычия. Однако при языковом планировании следует учитывать тот факт, что двуязычие в Республике Казахстан — это естественный процесс, протекающий среди всего населения республики, независимо от возраста, национальности, а трехъязычие - это регулируемый и формируемый «сверху» процесс.
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің елордамызда ашылуына жарты жылдай ғана уақыт қалды. Тойдың болғанынан боладысы қызық деп, елімізде бұрын-сонды болмаған мұндай іс-шараның абыроймен өтуіне халықтың елеңдеуі де өте орынды. Келесі жылдың 10 маусымынан бастап, үш ай бойы Елордамыз 5 млн-нан астам туристерді қабылдайды. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейде абыройының асқақтауына зор себеп. Көрмені өткізу Астана қаласының, ссонымен бірге республикамыздың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет етеді. Мұндай мамандандырылған көрмелерде әлемнің барлық мемлекеттері өздерінің ең үздік инновациялық, технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін әлем назарына ұсынады. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастыруға бет алып, жаһандық экономиканың өрлеуін де, мәдениеттің мәйегін де, өнердің гүлденуін де паш етеді.
Сонымен Болашақ энергиясы атты тақырыпта өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесі елімізге не береді?
ЭКСПО - республикамыздың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуының қосымша стимулы. Әлемнің әр түкпірінен келген жаңа, заманауи, инновациялық технологиялар көрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу қағидалары да көрсетілетін болады. Соның нәтижесінде, біз басқа елдердегі озық технологиялар мен техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә боламыз. Өз еліміз бен алдыңғы қатардағы елдердің арасындағы технологиялық прогрестің айырмашылығын ажыратып, өзіміздің деңгейге баға бере аламыз.
Көрмеге келушілер еліміздің көпұлтты бай мәдениетімен, салт-дәстүрімен, тарихымен, өнерімен және қазақтың ерекше қасиеті - қонақжайлылығымен танысады. Әлемдік қоғамдастықтың алдында бұл көрме Қазақстанның туристік тартымдылығын және танымалдығын арттырады.
ЭКСПО-ға арнайы салынған қалашық пен түрлі жоба нысандары көрме аяқталғаннан кейін де, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызмет ететін болады. Тіпті, жоба барысында қонақ үй ретінде соғылған көпқабатты ғимараттар қала әкімдігіне өтіп кейінен тұрғын үйлердің қатарын толықтырады екен. Соның есебінен қалалық әкімдік тұрғын үй мәселесін мүмкіндігінше оңтайландырмақ.
Орта Азия елдерінде алғаш өткізілгелі отырған бұл шараға кем дегенде 5 млн-нан астам адам келеді деп күтулуде. Әр келген турист өзімен бірге кемінде 100 доллар ала келеді десек, еліміздің бюджетіне бұл елеулі табыс.
Оған қоса, ЭКСПО көрмесін Астанаға келіп тамашалаған адам, жаз айында Бурабай мен Алматыға соқпай кетуі мүмкін емес. Яғни, шағын және орта кәсіпкерлер келген туристер есебінен пайда табады.
Айтпақшы, естеріңізге сала кетейік, Париждегі жеті кереметтің бірі - Эйфель мұнарасы осындай ЭКСПО көрмесі кезінде салынған уақытша ғимараттың бірі еді. 1884 жылы Франция басшылығы 1889 жылғы Ұлы Француз революциясының 100 жылдығы құрметіне ЭКСПО өткізіп, оған келген жұртшылықты керемет зәулім ғимарат салып, қайран қалдыру керек деп шешім қабылдайды. Сол жоспар шеңберінде Эйфель мұнарасы да тұрғызылады. Уақытша деп тұрғызылған ғимарат ақыр соңында Париждің мәңгілік символына айналып кетеді. Біздің ЭКСПО алаңымызда да әлемде әлі аналогы жоқ диаметрі 80 метрлік Қазақстан-Астана атаулы сфера құрылысы жүргізіліп жатқанын біреу білсе, біреу білмес. Сондықтан да, павильондағы басқа декоративті нысандармен бірге осы сфера да әлемнің бір ғажайыбына айналады-ау деген үміт те жоқ емес.
ЭКСПО жастар үшін үлкен дәріс алаңына айналмақ. Үш ай ішінде шетелден келген қонақтарға жол бастау, аудармашы болу сияқты міндетті атқаратын шет тілін білетін және үйреніп жүрген жастарға үлкен тәжірибе алаңына да айналады.