Филеас Фогг Лондондағы .. адам А.кедей В.орташа С.ауқатты
2. Әлемді .. күнде шарлап шығуға болады
А.70 В.80 С.100
3. Ол қаладағы …-клубтың мүшесі
А.Реформ В.Реформа С.Реформалар
4. Стюарт пен Фогг ..стерлингке бәстеседі
5. А.100фунт В.1000фунт С.1000000фунт
6. Фоггтің қызметшісі
7. А. Стюарт В.Паспарту С.Фогг
№2-тапсырма Филеас Фогг қандай адам?Мінездеме бер. /Какой человек Филеас Фогг?Дайте характеристику.
№3-тапсырма Сұрақтарға жауап бер
1. Шығармадағы басты кейіпкер кім?
2. Олар неше күн саяхаттауы керек болды?
3. Филеас Фогке кім көмектесті?
Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білеуітке жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», - депті