1.Біз күткен поезд мезгілінен біршама кешігіп, түн ортасы ауа келді. Адам деген мұншалықты қиындыққа төзеді деп кім ойлаған?! Түн әлі де әжептәуір қараңғы. Күндіз ептеп жобалап қойған тас жолмен вокзалға жаяу тартып келем. Вагон ішіндегі адамның көптігі соншалық бөшкеге толтырып салған балықтай екен.
Біз елден шықанда, күн де сәскелікке жақындап еді. Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз. Жел ақырын соғып жатқан еді. Әлсін-әлсін алдымыздан ауыл көрінді. Әрең дегенде ауылдың шетіне таяу келіп тоқтадық.Қыз-бозбалалар еркін сөйлесіп тұр. Дереу бізді көріп,бет-бетімен үйге тарқаса бастады. Біз үйге кірдік. Үйдің іші лық толы адам. Жастар бір-бірімен әзілдесіп отыр екен.
Объяснение:
ответ:«Бір кесе қымыз» — қазақ кескіндемешісі Айша Ғалымбаеваның 1967 жылы салған суреті.
Айша Ғалымбаеваның шығармашылығында қазақ халқының өнері мен мәдениеті, тұрмысы жырланды, сонымен бірге, қазақ әйелдерінің тағдыры ерекше қырынан бейнеленді. Суретші шығармашылығының өзекті арқауы — қазақ әйелдерінің бейнесі. Осы әйел адамның болмысы мен табиғатына тән, ішкі жан-дүниесін көрсететін әртүрлі сюжетке құрылған тақырыптық композициялары айрықша. Оның бір-біріне ұқсамайтын портреттерінде қазақ әйелінің табиғаты, оның өз заманындағы сәнді өмірі, бақытты тағдыры салтанатты бейнеленеді.
Объяснение:дұрыс па?
Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері» атты деректі очеркінде Құлагерді шабысынан айырған жауыз ретінде Батыраш емес, Барақбайдың шабарманы Бөрібай деп көрсетіледі. Қайсысы дұрыс? Құлагерді кім өлтірді?
Барақбай туралы деректерді Мағжанның жазбаларынан ғана кездестіреміз. Онда Аққошқар Сайдалының асында болған бәйгеде Барақбайға Ақанның тілі тиіп, сол үшін кектенген Барақбай Сағынайдың асында Құлагерді өлтірді делінеді. Бірақ өзге деректердің барлығында Құлагерді өлтірген а Жүніс көрсетілген. Ғабиден Мұстафин де 1971 жылы Қарағандыға барып, Батыраштың туыстарымен әңгімелеседі. Оның немерелері де Құлагерге аталарының жұмсауымен Жүністің айбалта сермегенін растаған.
Сол Аққошқар Сайдалының асында Батыраш Ақанмен кездесіп, ата дәстүрмен Құлагерге қолқа салады. Орнына Көктұйғын сынды жүйрігі мен Алтайдың сұлу қызын қалыңсыз беретінін айтады. Ақан: «Аттың иесі Атығай-Қарауыл ғой. Еліммен ақылдасайын» дейді. Тағы бір кездескенінде Батыраш жауабын сұрайды. Ақанның бере алмайтынын естігенде күйіп кеткен ол, жалғыз ұлы Жүніске: «Мына Қарауылдың екі рет алдаған ызасы өтті. Менен туған ұл екенің рас болса, Құлагер Көкшетауға қайтып бармайтын болсын» депті. Мұндай деректі жазушы Жайық Бектұровқа Батыраштың інісі Қотыраштың қызы Төкіш деген кісі айтып берген. Ілияс Жансүгіров те серінің елін аралап, талай көнекөз қарттармен сөйлесіп, 1931 жылы Жазушылар одағында баяндама жасайды. Оның да Құлагерді Батыраштың өлтіргеніне көзі жеткен және бұл оқиға қаламгердің «Құлагер» поэмасында көрініс тапты. Соған қарағанда Барақбайдан гөрі Батыраштың өлтіргендігі шындыққа саятын секілді. Ал Барақбайдың бір әңгімеге бола Құлагерді өлтіруі мүмкін емес деп ойлаймын. Жұрт жүйрік аттың күйігі жаман болады деп жатады. Ал Батыраштың сәйгүлік аттары көп болған. Ел аузындағы деректерде Батыраштың жақсының қадірін білген, көшелі дала шонжары болғандығы айтылады. Тіпті, қуғын көрген атақты ақын әрі композитор Мәди Бапиұлын Батыраш арнайы шақырып, құрметтеп, қошаметтеп, қонақ еткен деген әңгіме де бар.