Эссе
Мен таңдаған мамандық...
Мен келешекте өз өмірімді жазушылықпен байланыстырғым келеді. "Жазушы айтқысы келген ойын айтпауы қажет, жазуы тиіс" деген екен Эрнест Хемингуэй. Шынымен де, жазушылар көзбен көрген, құлақпен естіп, көкейге түйген нәрсесін ауызбен айтып қана тынбай, сол тақырыпта қаламын ұштайды. Үлкен ойды, негізгі идеяны өрнектелген сөздермен көпшілікке жеткізеді. Бұған дейін қазақ даласында бірталай жазушылар болды. Сүт бетіндегі қаймақтары: М.Әуезов, І.Есенберлин, Ә.Нұршайықов, Ә.Нұрпейісов, С.Мұқанов, Т.Ахтанов, Ж.Аймауытов, Т.Әлімқұлов және т.б. Қазақ жазушылары қатары бұнымен тоқтап қалмақ емес.
Егер мен жазушы болсам, халқыма қажет тақырыптарды қозғап жазар едім. Тілімнің тазалығын сақтап, қарапайым оқиғалардан үлкен өнеге алатындай дүние ұсынар едім. Б.Момышұлы: "Басқалар сиямен жазса, біз қанмен жаздық" деген екен. Мен де қанмен болмаса да, шындықтың көк сиясымен жазушы едім. Әсем сөзбен оқырман көзін көмкермей, жан-дүниесін байытатын еңбек жазамын.
Жазушылық біздің қазақ халқының қанында бар нәрсе. Үлкен жазушыларымыздың салған сара жолымен біз де сан жағынан емес, сапа жағынан сөз жоқ туындылар жазсақ деймін.
Ыңғайлас: Далада жел соғады және сіркіреп жаңбыр жауады.
қарсылықты: Далада жел соғып тұр, дегенмен сіркіреп жаңбыр жауып тұр.
түсіндірмелі:Далада жел соғып тұрғаны сонша, сіркіреп жаңбыр жауып тұр.
В.Ән басылып қалды. Гитара сазы толқалған жоқ еді.
Ыңғайлас: Ән басылып қалса да, гитара сазы толқалған жоқ еді.
қарсылықты: Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқтаған жоқ.
түсіндірмелі: Ән басылып қалғаны онша, гитара сазы толқаған жоқ.
С.Сабақ бізге ұнағаны соншалық.Уақыт өткенін білмей қалыппыз.
Ыңғайлас: Сабақ бізге ұнады, әрі уақыт өткенін білмей қалдық.
қарсылықты: Сабақ бізге ұнады, бірақ уақыт өткенін білмей қалдық.
түсіндірмелі: Сабақ ұнағаны сонша, уақыт өткенін білмей қалыппыз.