Шығарма.
"Қыз Жібек" жыры – асыл махаббаттың айшықты ескерткіші.
Махаббат - әлемдегі бар сезімдердің ұлысы.Махаббатсыз өмір жұпыны болар еді.Бұл - тек адамдар арасында ғана емес,адамның Отанына,туған жеріне,еліне,табиғатқа,белгілі бір кәсіпке,затқа деген сезімін де қамтиды.Мұхтар Шаханов:
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады,-деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Әрине,махаббат тек сүйеніш қана емес,күйінішті де әкеледі.Бірақ махаббат арқылы адамдар жалғыздықтан арылып,бақытты атанады,өзін қолдайтын,корғайтын жанды табады ғой.
Қазақ тарихында қаншама ғашықтар өтті десеңізші.Солардың бірі – Қыз Жібек пен Төлеген.Бұл екі жастың асқақ махаббаты туралы біз "Қыз Жібек" жырынан оқып,білдік."Қыз жібек" лиро-эпостық дастаны – қазақ халқының ең көне,асыл мұраларының бірі.«Қыз Жібек» жыры – аңыз емес, тарихи оқиға,кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.Төлеген – нағыз лирикалық кейіпкер болса,Жібек – сұлулық пен әсемдіктің нышаны,қазақ халқының мақтанышы болды.Бұл екеуі бір-бірін құлай сүйгенмен,олардың бақытына Бекежан қастандықпен балта шапқан еді.Кейін Жібек қайсарлықпен сүйгенінің кегін алып, әмеңгерлік салт бойынша Төлегеннің інісі Сансызбайға қосылады.Бірақ,Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі,сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі – сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады.Автордың өзі: "Батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа..." дей отырып Жібек пен Төлегеннің арасындағы махаббаттың адал екенін дәлелдей түседі деп білемін.
Объяснение:
Уақыт арқылы өмірдегі бүкіл шағың өтеді.Тіпті қарап көрсек оның қалай өтіп кеткендігін байқамай қаламыз.Күндердің күнінде өзің толып қойған жасына да қарайсың да ойланасың , қалай уақыт зымырап өтіп кетті ?
Әрқашан уақытты босқа өткізбеу керек.Мысалға қазір гялы телефонды шығарды.Негiзiнен оны мүлдем басқа жолмен шығарған , онымен адам бiр - бiрiмен сөйлессін деп жәнеде тағы басқа пайдалы себептермен шығарған.Ал қазір оны ойын үшін сатып алады . Балалар онда ойнап ойнап уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалады.Уақытты пайдалы әрі тиімді өткізу керек.Мысалға сол ұялы телефонның орнына кітап оқысақ миымыз жұмыс істейді , пайдалы заттарды үйренеміз .
Менің досым уақытын әрқашан тиімді өткізгенді ұнатады.Ол бос уақытында әнге , суретке барады Үйіне келгенде кітап оқиды.Анасына көмектесіп , ұй жинайды , тамақ әзiрлейдi .
Ең бастысы уақытты тиімді пайдаланайық.Себебі , оны кейін қайтадан қайтара алмаймыз
1. " Жаһандану " дегеніміз - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы.
2. Мысалы, біз европаша киінеміз, корейдің фунчозасынсыз той өткізбейміз, жапонның сушиын жейміз, батыс әндерін тыңдап, киноларын көреміз, және махаббат күнін тойлаймыз, фейсбукқа тіркелеміз сол сияқты. Бұлар барлық елдерге ортақ үрдіс бола бастады.
3. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу.
4. Біріншіден, жаппай жаһанданданудың кесірінен бай және кедей мемлекеттердің арасындағы теңсіздік үлкейіп жатыр. Оның себебі өндірістен келген кірістін көп бөлігі бай мемлекеттердің қазанасына барып, өндірістің өзі кедей мемлекеттерде орын алса да, олар кірістен келген қаржының аз ғана бөлігіне ие болады. Екіншіден, дамыған әрі дамымаған мемлекеттердің бастапқы приоритет экологиядан экономикаға өтеді.