составьте 5 вопросов посту Қазақтың «Ұлытау» этно-рок тобы 2001 жылы құрылды. Топтың мақсаты – бүкіл әлемде тыңдармандарды халық шығармаларының сұлулығы мен қазақ халқының мәдениетімен таныстыру, сонымен қатар өскелең жас ұрпаққа домбыраның қадір- қасиетін дәріптеу. «Ұлытау» тобы — отандық және әлемдік заманауи инструмен- талды музыка саласындағы жаңалық, топ музыканттары Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Н.Тілендиев, Бах, Вивальди, Паганини сияқты композитордың шығармаларын ерекше құлшыныспен, ынтамен орындайды. «Ұлытау» тобының мүшелері әлем классиктерінің таңдамалы шығармалары мен қазақ классиктерінің туындыларына бірдей қызығушылық танытып келеді, түрлі тақырыптағы, түрлі дыбыстық ерекшеліктері бар туындыларды орындайды. Олар- дан дала желінің ұйытқуы, күн көзіне күйген шөптің иісі аңқиды, тәкаппар, сәнді жылқылардың желісі байқалады, қатал жүзді ақсақалдар мен әдет-ғұрыптардың арбаушы сиқыры елестейді. Бұл өнерді «World Music» деп те атауға болады. «Ұлытаудағы» электргитараның асқан шеберлі ұйқастары Ричи Блэкмордың ұқсас экзерcистерін еріксіз еске түсіреді, ал динамикалық және жуан дыбысының ырылда- Роджер Гловерді елестетеді. Музыканттар скрипканың нәзік үні мен төл дыбы- сымен ерекшеленетін қара домбыраның үнін ауыр роктың, блюздің жайландыратын Нью-эйдждің «мәдениетімен» тамаша үйлестіреді.
«Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 т асып, 500 қалқаға тіреледі. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманауи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.
Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдерінің қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Күшті қарқынды даму қалаға астананы ауыстыру туралы шешімді қабылдағаннан кейін келді. 10 жыл ішінде Астана өзінің өзгеше және заманауи көркін табуына бұл оқиғаға міндетті. Қала көз алдында өсіп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, астана қонақтарын қуантады. Әрбір біздің қалаға келуіңізде, сіз барлық жаңа объектілердің куәгері ретінде, астананың қалай қарқынды өсіп және өзгергеуіне таңдана қарайсыз.