М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Kepka229
Kepka229
19.02.2020 13:43 •  Қазақ тiлi

ПЕРЕВОД С КАЗАХСКОГО НА РУССКИЙ ЯЗЫК Молю


ПЕРЕВОД С КАЗАХСКОГО НА РУССКИЙ ЯЗЫК Молю

👇
Открыть все ответы
Ответ:
annagubina78mailru
annagubina78mailru
19.02.2020
Мен (свой класс,например:9 )сыныпта оқимын.Мен бұл сыныпта 1 сыныптан бері оқып келемін(или свой вариант)
Барлық сыныптастарыммен достасып кеттім.Бір-бірімізге қиын жағдайларда көмектесеміз.Сыныбымыз ұйымшыл,жарыстарға белсене қатысады.Жүлделі орындарды алуға тырысамыз.Біз мұғалімдердің барлығын сыйлаймыз,әсіресе өзіміздің сынып жетекшімізді.Сынып жетекшіміз біздің екінші анамыз секілді болып кетті.Мен тоқсан аяғындағы демалыстарда,жаз айларының демалыстарында,сыныптағы достарымды өте қатты сағынамын!Мектеп,сынып менің екінші үйім!
Ұнайтын шығар деп ойлаймын
4,4(28 оценок)
Ответ:
Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Шал
-    Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші
Кемпір
-Неден пісірейін? Ұн жоқ қой
Шал
-    Әй ,кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Автор
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса , қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !
Бауырсақ
Жоқ ,сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.
Автор
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:

Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!    
Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.
Қоян
Қоян: -қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында . Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік.
 Қоянның тапсырмасы:
-Ұн неден алынады ? (Бидайдан)
Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.)

Автор
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса ,оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !
Бауырсақ
- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Автор
Бауырсақ әндете жөнеледі
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!    
Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым,қасқыр,сенен құтылу
Қиын емес бұл маған
Қасқыр
Қасқыр: -жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.
Қасқырдың тапсырмасы: Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып  алдық ,енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.
1. берілген сөздерді буынға бөл: алмұрт, бала, машина, қалам.
Автор
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.

Аю
-    Әй ,бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!    
Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,
Маймақ ,сенен құтылу,қиын емес бұл маған !
Аю

Аю: Әй, балалар, балалар!
        Менде қызық ойын бар,
        Ал ықылас қойындар
        Кәне, тәртіп сақтайық,
        Мен берген тапсырманы,
        Бұлжытпай орындайық.
Аюдың тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды ата: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.

Автор
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы! 
Автор
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп,қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.
Бауырсақ
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!    
Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым,түлкі ,сенен құтылу
Қиын емес бұл маған ! 

Түлкі
Түлкі: оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында
Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.
     1.  Қыста ақ,
          Жазда сүр.
                     (қоян)

2.Қорбаң- қорбаң етеді,
Орманда ол жүреді (аю)

3.Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай-шу.
                          (түлкі).

Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.
Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.
Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.
Автор
Әже келе жатқан Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне арнап
 20 бауырсақ пісіріп, дастарқан жасап қойыпты.
Әже: Кәне, балалар, қонақтарға да беріңдер бауырсақтан жеңдер, 
(отырған қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу).    
Елтаңба туралы әңгімелеп береді.
4,4(61 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ