1) Мемлекеттік рәміздерге не жатады? А) Әнұран, рәміз, президент
Б) Әнұран, ту, гимн
Ә) Әнұран, елтаңба, ту
2) Елтаңбаның авторлары?
А) Шәмші Қалдаяқов, Жандарбек Мәлібеков
Ә) Шәкен Ниязбеков, Шотаман Уәлиханов
Б) Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов
3) Тудың авторы?
А) Шотаман Уәлиханов
Ә) Шәкен Ниязбеков
Б) Жандарбек Мәлібеков
4) Елтаңбаның негізі...
А) Шаңырақ
Ә) Тұлпар
Б) Бес бұрышты жұлдыз
5) Мемлекеттік тудың түсі қандай?
А) Көк түсті
Ә) Көгілдір түсті
Б) Сары түсті
6) Тудың ортасында не бейнеленген?
А) Ою өрнек, арайлы күн
Ә) Арайлы күн, қыран
Б) Алтын түсті ою өрнек
7) Тудың ені ұзындығының жартысына тең.
А) Дұрыс
Ә) Дұрыс емес
8) Қанатты тұлпар қай рәмізде бейнеленген?
А) Туда
Ә) Елтаңбада
Б) Әнұранда
9) Әнұранның әнін жазған автор?
А) Жұмекен Нәжімеденов
Ә) Шәмші Қалдаяқов
Б) Нұрсұлтан Назарбаев
10) Сөзін жазған авторлар?
А) Шәмші қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев
Ә) Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов
Б) Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
11) Елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу бар?
А) Республика
Ә) Рәміз
Б) Қазақстан
12) Күн, арай, қыран және ою - өрнек қандай түсті?
А) Алтын түсті
Ә) Көк түсті
Б) Қызғылт түсті
13) Мемлекеттік әнұранның жаңа нұсқасы қай жылы қабылданды?
А) 2006 жыл
Ә) 1992
Б) 2007
14) «Әнұран» терминінің өзі нені білдіреді?
А) Салтанатты өлең
Ә) Әскери өлең
Б) Бірінші өлең
15) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні қашан?
А) 4 маусым
Ә) 4 шілде
Б) 4 мамыр
16) Әнұран орындалған кезде қандай тәртіп болу керек?
А) Ресми салтанатты жиындарда әнұран орындалған кезінде қатысып отырғандар тұрып және сол жақ кеудесіне оң қол алақанын қою керек.
Ә) Ресми салтанатты жиындарда әнұран орындалған кезінде қатысып отырғандар сол жақ кеудесіне оң қол алақанын қою керек.
Б) Ресми салтанатты жиындарда әнұран орындалған кезінде сол жақ кеудесіне оң қол алақанын қою керек
Менің туған жерім - егеменді Қазақстан шығарма
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.