Музыка. Қазақтың киелі домбырасы. І. Жансүгіров «Күйші» поэмасы (үзінді) бөлімі бойынша жиынтық бағалау І. Оқылым. Тапсырма. Мәтінді оқып шығыңдар.Тапсырмаларды орындаңдар. Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады. Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы. Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған. Күй анасы - Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. б. 1Мәтіннің мазмұнына байланысты тақырып қойыңдар. ( 1б)
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.
Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халкының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.
Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді,