Көпшілік қауым қолы қалт еткен кезді, яғни бос уақытын қалай өткізуді білмей жатады. Кейде әр нәрсені сылтау етіп, кейін «менің мүлдем бос уақытым болмайды» деп өкпе артады. Психолог-ғалымдардың айтуы бойынша, адам бос уақытын өзі қадағалап, оны қалай өткізу керектігін өзі шешуі қажет. «Немен айналысуға болады?!» деген сұраққа психолог-мамандар: «Жаныңызға жай сыйлайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз» деп жауап айтып, кеңес береді. Ал сол ермек істі қалай табуға болады?
Ермек істердің әр түрлі болып келеді. Олардың барлығы тек уақытты тиімді өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай ермек іспен айналысса болады?!
Қолөнер
Күйзеліс пен көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады. Қолымнан келмейді десеңіз, танымдық кітап-журналдарды ақтарып, үйреніп алуға ұмтылыңыз.
Гүл өсіру
Көп жандар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Әрине, жер үйде тұратын болсаңыз, бақшаға гүл еккенге, оны жайқалтып өсіргенге не жетсін?! Ал көп қабатты үйде гүлдерді аса еге алмайсыз. Алайда, балконда шағын бау-бақша жасап алуға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерінің дәнін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз.Үй жануарларын асыраңыз
Аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа т.б. қалаған үй жануарларын асыраңыз. Үй жануарыңызға күтім көрсетіп, бос уақытыңызды оны асыраумен өткізіңіз.
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш кылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты: — Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, — деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты: — Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, — деді. Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап: — Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағнасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді. Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» — деп сұрады. Жігіт айтты: — Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.
1.Орындадым.
2.Орындарсың.
3.Орынданыз.
4.Орында.