3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар. II- нұсқа. Бөлім «Тарихи тұлғалар тағылымы», «Қызым - жағадағы құндызым, ұлым - аспандағ жұлдызым».Оқу мақсаты: 8.1 8.1.3.1 Оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді мағынасын түсіну 8.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту. Орындау уақыты 15-20 минут. 1 тапсырма. Бөлім бойынша берілген сөздерді аудар: Абырой жасөспірім қылықты жеңге сезім ар-ұят бойжеткен тектілік келін ибалы атастыру шежіре 2 тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды,етістіктерді қойып мақал-мәтелдерді жаз: 1.Ер жігіт елі үшін…,елі үшін … 2.Қыз қылы… сүйкімді,ұл әдебі… сүйкімді. 3.Атаның баласы …,а … 4.Ақылды адам айтқызбай … 3 тапсырма.Берілген сөздерді жақшадағы сөздермен тірекстіріп жазып,мағынасын түсіндір.Сөздің тура және ауыспалы мағынасын ажырат. Қисық (ағаш,тәрбие,мінез,тақтай) Суық (жел,су,қол,хабар) Терең (өзен,ой,білім,құдық) 4 тапсырма.Сенің ойыңша жігіт (ұл бала) қандай болу керек? Сенің ойыңша бойжеткен (қыз бала) қандай болу керек? Жігіт бойжеткен 5 тапсырма. «Попс» формуласын қолданып, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырына байланысты бір ақпарат бойынша өз пікірлеріңді дәлелдеңдер. 6 тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер: 1. Халық ауыз әдебиеті - қандай мұра? 2. 2. Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар? 3. «Қозы-Көрпеш- Баян сұлу» жыры не туралы? 4. Қозы мен Баянның махаббатына кім кедергі келтіреді? 5. «Қозы-Көрпеш- Баян сұлу» жыры қандай жанрға жатады? 6. Қозы мен Баянның күмбезі кайда орналасқан? 7. Лиро эпостық жырлардың ішіндегі ең үздік туынды кандай және несімен еркешеленеді?
1)Жамбыл Жабаевтың бала шағы;
2)Жамбылдың шағармашылығы;
3)Соғысқа арналған өлеңдер;
Жамбыл Жабаев Теріскей Алатауының Солтүстік бөлігінде, 1846 жылы ақпан айында Хан, Жамбыл тауларының етегінде туған. Ол кедей отбасында дүниеге келгендіктен, балалық шағы кедейлік пен жоқшылықта өтеді. Кішкентай кезінен басқа кедей балалары сияқты Жамбыл да байдың малын бағумен өткізді. Балаларын мектепте оқытып, білім беруге ата-анасының жағдайы болмады.
Жамбыл атамыздың көп шығармалары саяси тақырыпқа арналған, Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңдерімен Ұлы Жеңіске үлес қосты. "Ленинградтық өренім" атты өлеңінің аудармасы радио арқылы қала тұрғындарына таратылып, жеңістің ұранына айналды, көшелерге, үйлердің қабырғаларына жазылып ілінді. Ленинград қаласының тұрғындары үшін ұлы Жамбылдың орны ерекше. Жамбыл атында облыс, аудан, көше, мұражайлар бар.