М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
stalker1897ox9hzs
stalker1897ox9hzs
25.03.2021 17:03 •  Қазақ тiлi

1. Мақалды толтыр. «Тілге құрмет - ... құрмет» А адамға В елге Г жерге Д әкеге
2. «даму» сөзінің синонимын тап.
А өсу В қою Г өркендеу Д зерттеу
3. Қай қатардағы сөздер орыс тіліне аударылады?
А арқан, малақай В чапан, мешіт Г қоран, домбыра Д ас, қан
4. Лепті сөйлемді белгіле.
А Тағыда кім сөйлейді? В Ол оқуға кірісті. Г Рұқсат сұрады. Д Ол да қызық-ау!
5. Қайсысы жалпы зат есім?
А Ербол В Жібек Г Бауыржан Д Мағжан
6. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан тұратын сөзді анықтаңыз.
А) Әдепті В) Аты-жөні С) Даңғыл D) Оқу Е) Қуаныштымын
7.Үнді дыбыстар қатарын табыңыз. A) п,ф,с,т B) а,ұ,ы,ө С) з,в,х,һ D) р,л,м,н E) ш,ч,ц,һ
8. Сын есімнің сұрағын көрсетіңіз. A) нешінші? B) неше? С) қашан? D) кім? E) қандай?
9. «16 желтоқсан – Тәүелсіздік күні» - мерекелердің қай түріне жататынын анықтаңыз.
А) Отбасы мерекесі В) Діни мереке С) Мемлекеттік мереке
D) Ұлттық мереке E) Халықаралық мереке
10. Синоним сөздерді көрсетіңіз
А) думан, той В) үлкен, кіші С) нәзік, толық D) ажарлы, ажарсыз E) бала, мұғалім
11. Жалқы зат есімнен құралған сөз қатарын көрсетіңіз.
А) Апай B) Қайраткер C) Бейбіт D) Жиналыс E) Емтихан
12. Сын есімнен жасалған зат есімді белгілеңіз
А) Жақсылық B) Дүкенші C) Шебер D) Етікші E) Қонақ
13. Жіктік жалғуы бар мақал-мәтелді табыңыз
А) Көз – қорқақ, қол – батыр В) Досы көпті жау алмас С)Бес саусақ бірдей емес
Д) Шыда, шыдасаң шығасың шыңға Е) Туған жерге туынды тік
14. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Арман- мұрат В) Соғыс- бейбітшілік. С) Көрші- көлем. Д) Жұт- жұрт. Е) Салт- дәстүр.
15. II жақта тұрған сөзді табыңыз.
А) Суретшілер В) Суретші С) Суретшіміз Д) Суретшімін Е) Суретшісің
16. Тұйық буыны бар сөзді тап.
А) көркем В) арман Г) ғылым Д) халық
17. Жіктік жалғауы бар мақал-мәтелді көрсет.
А) Бес саусақ бірдей емес В) Досы көпті жау алмас.
Г) Көз – қорқақ, қол – батыр. Д) Шыда, шыдасаң шығасың шыңға.
18. Болжалдық сан есімнің жұрнақтарын анықта.
А) –ыншы, -інші В) –ау,-еу Г) –дай,-дей Д) –дан,-ден
19. Болымсыз етістікті ажырат. А) Бүгін кезекші Асан емес В) Менде кітап жоқ.
Г) Бұл кітап қызық емес. Д) Сен ғана келген жоқсың.
20. 15 Себеп-салдарлық жалғаулықтарды белгіле.
А) себебі, өйткені В) бірақ, ал Г) сонда да, мен Д) және, пен, бен

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Алиса345780
Алиса345780
25.03.2021

Астана - менің сүйікті қалам.

Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.

Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.

Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.

4,6(5 оценок)
Ответ:
SamMary
SamMary
25.03.2021

Менің сүйікті қалам

Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы -  Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.

Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.

Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.

4,5(49 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ