М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
женьшенье
женьшенье
09.11.2021 17:46 •  Қазақ тiлi

Мәтiндегi 1 негiзгi, 1 жанама ақпаратты тауып, өз сөзіңізбен жазыңыз. Негізгі ақпарат Жанама акпарат


Мәтiндегi 1 негiзгi, 1 жанама ақпаратты тауып, өз сөзіңізбен жазыңыз. Негізгі ақпарат Жанама акпарат

👇
Открыть все ответы
Ответ:

Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.[1]

4,5(55 оценок)
Ответ:
NikaNeo
NikaNeo
09.11.2021

Абай Құнанбаев(1845-1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге туылған. Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшы, философ, ақын. Абай өз балалық кезін әжесі мен анасының жанында өткізген. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген.

Абай ауылдық молдадан білім алып, сауат ашып, кейіннен Семейге сауатты дамыту мақсатпен аттанады. Абай ақын медресе оқуында жүрген уақытында Шығыс поэзиясына қызықтанып, Шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға талпынады. Сексенінші жылдар орталығында Абай ақындық жолына бағыт бұрады. Абай өлең және шығармаларын үзіліссіз жазуға тырысты. Дегенімен, сонау кездердегі халықтың ішіндегі тартыстар ақындық өнермен айналысуды қиындатаны. Абай ақындыққа бағыт бұрғанда өлеңдерін білім, өнер және мәдениетке бағыттады. Абай 1885 жылда «жасымда ғылым бар деп ескермедім» - деп атаған тұңғыш шығармасын жазды. Осы өлеңі тұңғыш Абайдың шығармасы болып, Абайдың ақындық жолдағы ізденісін танытты.

Абайдың қарасөздері

Әлемде еш зат өзі таңдаған мұратқа жеткілікті қайрат пен жігер жасамай жету қиын. Ғылым және білімді оқыу, өзінше іздену — қайрат борлысы. Кейбіреулер ғылым және білімді ақыл — қайратсыз үйрену қиын. Абайдың шығармалары осындай мағыналарға толы болған.

Абайдың қайратты қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Абайдың қарасөздерінің жалпылық саны 45 бөлектен тқрады. Олар тақырып нысанынан бірғана бағытта жазылмады, олар әр алуан болды. Абайдың 6 - 7 қарасөздері қысқалау болса, кейбіреулері тақырып және мағынасы жағынан ауқымды болды. Абай өз қарасөздерінде туындының көркіне ғана емес, сонымен бірге оның ауқұмдығы мен мағынасына назар аударған. 1918 жылы Семейде жарық көрген «Абай» журналында Абайдың бірнеше қарасөздері жарық көрді.

4,6(48 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ