А) Бірыңғай мүшелерді сөйлем мүшелеріне ажыратып, семантикалық картаны толтырыңдар,
Мысал
Бірың- | Бірың- Бірың- Бірың- Бірың-
rait гай Рай гай ғай
бас- баян- толық- анық- пысык-
тауыш | дауыштауыш тауыш тауыш
Бай бейілін, мейірін,
Сон, салтанат сейілін,
Ақыл күшін, зейінін,
Ең ақыры төбетін,
Күйімен, жырмен мадақтап,
Бәйіт қылып беретін (Ж.Ж.).
Ол мойнын бүрып жан-жағына қарады
да, түйенің табанындай аяқ-қолдарын
асықпай, тырбаңдата сермеп жүзіп
жүре берді (Б.М.).
Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп,
Қар, суық, аяз, боран - бөрі кетіп
(Ш.Қ.).
Тапқыр, адал, ақниет адамдардың,
Алданбайсың артынан ере берсең
(Ш.Қ.).
Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім,
Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске
(ж.ж.).
Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды