М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kim201
kim201
29.11.2020 05:05 •  Қазақ тiлi

Текст

Қазақ ғылымының жаңа жетістігі! Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасанды
тері ойлап тапты. Бұл әзірге алғашқы сынақтардың нәтижесі ғана. Барлығы ойдағыдай
іске асатын болса, денесі күйген немесе басқа да тері жарақаттарын алған науқастар үшін
биотерінің көмегі көп болмақ. Жарақаттарды жасанды терімен емдеу әдісі негізінен
әлемнің дамыған бірнеше елдерінде қолданыста бар. Еліміздің ғалымдары енді сол
жетістіктерге өз күштерімен жетуге талпынып жатыр. Осыған байланысты қазір Ұлттық
биотехнология орталығының жұмысы да қарқынды. Әдетте денесі қатты күйгендердің
терісін қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылады. Оның үстіне жарақатты таңатын
медициналық жабдықтарды жиі ауыстыру қажет. Емдеу процесінің ұзаққа
созылатындығы да сондықтан. Ал жасанды тері арқылы осы қиындықтардан арылуға
болады. Ғалымдар ең әуелі егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізген. Алғашқы тәжірибені
сәтті өткізген орталық мамандары енді клиникалық сынаққа дайындалып жатыр. Яғни бұл
жолы сынақ адамның өзіне де жүргізілуі мүмкін. Ол үшін ерікті донордан немесе
науқастың өзінен тері жасушалары алынады. Сосын оны арнайы зертханада қажетінше
үлкейтіп, күйік шалған жерге немесе басқа да жарақаттың үстіне жабыстырады. Бұл ең
әуелі зақымданған терінің қалпына келуіне жылдам көмектеседі және астыңғы жараның
беті қайтқаннан кейін, он шақты күннің ішінде жасанды тері өздігінен түсіп қалады.
Жасанды теріні науқас адамдарға нақты қашан пайдалануға болады? Ол үшін ғалымдар
«екі жылдай уақыт керек» деп отыр. Биоинженерия саласындағы бұл жаңалықты
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкестендіру қыруар қаржыны
талап еткенімен, ғылым саласындағы айтулы жетістігімізді медицинада қолдану арқылы
болашақта кеткен қаржыны қайтаруымыз әбден мүмкін.


Текст Қазақ ғылымының жаңа жетістігі! Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасандытері ойлап тапты.

👇
Ответ:
ЛесяКисс
ЛесяКисс
29.11.2020

Қазіргі таңда ғылым жақсы дамыған.Ғалымда жаңа медицина ойлап тауып жатыр!және бұл жерде тері ойлап тапканы адамның кауіпсіздігіне,өміріне байланысты.Ғалымдар әдетте тышқанға бірінші сынап кореды,Бүл жолы ғалымдар оны адамга сынап кореиін деп жатыр.және ғалымдар медицинаны дамыту үшін барынша тырысып жатыр!

4,8(31 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Anonim1678
Anonim1678
29.11.2020

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны  697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала - Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында. 


Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін. 

 

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.

Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.

Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.

Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне  келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты.  Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.

Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.

Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.

4,5(31 оценок)
Ответ:
misarevakin6
misarevakin6
29.11.2020
Қаланың орналасуы - ескі керуен жолдарының қиылысу стратегиялық тиімді нүктесі даланың тұрғындары тартылған. Археологтар қола дәуірінің, темір дәуірі мен ерте орта ғасырларда салынған, қалада артефактілерді табу. Осылайша, 2001 және 2005 жылы. Ол қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің Күйгенжар ​​қабірлері зерттелді. 2007 жылы, ішінара Тәуелсіздік сарайына жақын орналасқан Сығанақ (2011 жылдан бастап Sh.Kaldayakova көшесі), тыс корольдік үйiп тиелген зерттелген. Қаласында орналасқан басты тарихи сайттар бірі, Бозоқ қаласы болып табылады - ескерткіш ерте ортағасырлық бері жұмыс істейді epohiKazahskogo хандығы үшін (VII-VIII ғғ.) (XV-XVI ғғ.).Вроде о но?
4,7(44 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ