Ғалам біз білмейтін дүниелерге толы.
Кішкентай күнімнен аспанға қарап, күндіщз
күн мен бұлттарды, түнде жұлдыздар мен
аппақ айды тамашалап, ұзағынан қарағанды
ұнататынмын. Аспан әлемі мені ерекше
еліктіретін. "Анау тұрған дөп-дөңгелек
айдың үстіне шығып алып, жерге қараса,
біздің ғаламшар ол жерден қандай болып
көрінер екен? Бұлттан бұлтқа секіріп,
күн сәулелеріне шомылсам ғой", - деген
ойлар келетін санама. Ғарышқа, аспанға
ерекше құмар болдым. Ғарышкер болуды
армандайтынмын.
"Аспанда тіршілік бар ма екен? Бар
болса дәл күнге барып, сонда тұрар
едім", - деп ойлайтынмын. Дөңгеленген
жарқын, сәулелері нұр сыйлайтын Күннің
жалындаған от екенін ойламаппын да
ғой. Сонда туыстарым, жақсындарымды
алып барсам Күн мен Айдан үй тұрғызсақ
дейтінмін. Мұның бәрі бала қиял. Бірақ
бүгінде небір түрлі жаңалықтар ашылып,
құрылғылар пайда болуда. Бәлкім, бір
кездері Айда тұру да мүмкін болып қалар.
Адам болып дүниеге келген соң әр адам ананың сүті арқылы ана тілін,анасының тәрбиесін бойына сіңіріп өседі. Адам үшін ана тілі-туған тілі. Әр халықтың өз тілі,өз діні,өз әдет-ғұрпы бар. Әрбір халық өз ана тілін құрметтейді,қастерлейді. Ал өз ана тілін білмеу-надандық. "Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңде құрметте" дегендей,қанша тілді білсе де,әрбір жеке тұлға өз ана тілін құрметтей білу керек.
Қазіргі заманда адамдар ағылшын,француз тілдерін үйренуге талпынып жатыр. Себебі,ағылшын тілі шет елдермен қарым-қатынасқа түсу үшін өте қажет. Сонымен қатар,қытай,француз,орыс тілдерін біліп жүру де артық етпейді. Әр түрлі елдің тілдерін білу-мақтаныш,әрі адамның білімді екенін көрсетеді және де көптеген елдермен араласуға мүмкіндік тудырады. Үш тілден көп тілді білетін адамды "Полиглот" деп атайды. Елімізде үш тілді,яғни,қазақ,орыс,ағылшын тілдерін білу қажет. Болашақта көп тілді білудің пайдасы көп. Көптеген тілді білген адам жұмысқа да оңай орналасады. Алайда,қаншама тілді үйренсек те,ана тілімізге деген құрметті ұмытып кетпейік. (шағын шығарма,эссе десе де болады)