Электронды кітап ол бір кітапты ғана емес, қажет десеңіз, сіздің үйіңіздегі бүкіл кітапхананы оңайлықпен алмастыра алатын ыңғайлы және ықшамды электронды құрылғы. Оны пайдалану жай кітапты оқығаннан гөрі өте ыңғайлы. Өйткені сіз аталған электронды кітаптан өзіңіздің көзіңізге ыңғайлы мәтін және шрифтін көлемін, тіпті беттерінің түсін таңдай аласыз. Қалтаға салып жүруге де болады. Электроника тілінде М-Воок деп аталатын бұл құралды оқуға арналған кішкентай компьютер десек те болады. Оның экраны электронды сия технологиясын қолдану арқылы жасалған. Бұл мәтінді сапалы әрі анық етіп көрсетуге және ұзақ уақыт пайдаланғанда көз жанарының тез шаршамауына мүмкіндік береді. Электронды кітаптың басқа құрылғылардан басты артықшылығы бұл қазіргі кең таралған мәтін форматтарын (FB2, TXT, PDF, HTML, DjVu, DOC, CHM, WOLF) қабылдап, оқи алады. Аталған құралға тек қана кітаптардын мазмұнын ғана емес, қажетті материалдардың, құжаттардың, сонымен қатар интернеттен алынып, сақталған беттерді жүктеуге болады. Керек мәтінді көшіріп алып, оқуға болатын мұндай кітаптардың кейінгі нұсқаларында МРЗ форматтағы аудиофайлдарды да ойнату мүмкіндігі бар. Аталған кітаптағы ақпаратты сақтау үшін флеш-карта қолданылады. Мысалы, 1ГБ көлемді жады картасында 2000-ға жуық кітап сақтауға болады. Ал аккумулятордың қуаты шамамен 5-8 мың парақ оқуға жетеді.
Объяснение:
Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі деп саналады, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда екі Мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес Мүшел деп есептеледі. Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері мен Мүшел санау үрдістері қоғам мүшесінің әлеуметтену жағдайын, яки қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдірді. Бірақ бір Мүшел жастағы ерекшеліктен келесі Мүшел жасқа өтуді әлеуметтік құбылыс деп тануға негіз жоқ. Өйткені ол адамның биологиялық қасиеттеріне де тән құбылыс болғандықтан, әр Мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады. Мысалы, 1-мүшел балиғатқа толуға байланысты болса, 2-мүшел ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы, 3-мүшел ақыл-парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық-психологиялық жетілулерін меңзейді.