М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Владушкаcat
Владушкаcat
28.05.2023 23:49 •  Қазақ тiлi

Екіжақты келісімді сауда (выбрать правильный ответ)


Екіжақты келісімді сауда (выбрать правильный ответ)

👇
Открыть все ответы
Ответ:
чебурек2283
чебурек2283
28.05.2023
Кірпілер, басқа да көптеген жануарлар сияқты, қыста ұйқыға кетеді. Үйшіктерін аюлар сияқты әрине жасамайды, дегенмен, орманда ескі жапырақтардың астынан оңай көруге болады, үлкен алаңдар да, тіпті саяжайларда. Қыстағанда кірпілер жанұяларымен қыстайды, бірақ кейде жалғыз жатқандары да кездеседі, бұлар жас " бойдақтары". Егер кірпілер үйшігін көрсеңдер ешқашан бұзбаңдар, сендердің саяжайларыңның айналасында ешқашан тышқанмен жыландар болмайды. Және де зиянкес жәндіктер де, бұзаубас, қоңыз тағы басқа бақша зиянкестері.

Аю қысқа дайындалады, май жеп. Ол тапқанының барлығын жейді, ерекше балықты, жаңғақты, бірақ  ол бұны ұйқыға кетерден бірнеше апта бұрын жасайды. Дәл ұйықтар алдында аю аз жейді: тамырлар мен сабақтарды ғана, асқазаны бос болып, қатты бекітілсін деп, аңдар асқа тәбеті азайып, тыныш демалу үшін. Ұйықтауға жатып, аю бақылаудағы тәртіпте қалады, ол терең ұйқыға кетпейді, тек қалғиды, қауіпті жағдайда жауын қарсы алу үшін. Кейде ол тұрағынан шығуы мүмкін, жағдайды тексеруге. Егер үйшігі қыстауға жарамаса- су тиіп, онда жануар қыс ортасында жаңа үй іздейді, ондай кезде ол өте қауіпті, бұндай уақытта оны тентек аю дейді.  Қыста жануардың қызуы төмендейді, оның күзде жинаған майы тоңбауына көмектеседі.
4,8(18 оценок)
Ответ:

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ ӨНЕРІ Күй – көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да сұлу өнер. Ұлт мәдениетінің арғы-бергі тарихын зерттеп, жүйелеп, бүгінгі жас ұрпақтың кәдесіне жарату және оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында жасалған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” жобасының жүзеге асырылуын ұлттық музыка тарихындағы елеулі оқиға деп бағалаймын. Қазақтың ұлы ақыны Абай: “Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй”, деп жырлағандай, қазақтардың сан буыны Құрманғазы, Дәулеткерей, Байжігіт, Тәттімбет, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, Абыл сияқты халқымыздың асыл өнерін ұстаған ұлы күйшілердің мол мұрасымен сусындап өсті. “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” шеңберінде бағзы замандардан келе жатқан күй атасы Қорқыттан бастап Ықыласқа дейінгі қобызға арналған күйлер мен Сармалай бастаған сыбызғы күйлерінің де сараланып осы жинаққа енгізілуі – жобаның құнын арттыра түсетін соны жаңалық. Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс, Батыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау күй мектептері ғана емес, елімізден тысқары Моңғолия, Қытай қазақтарының күй дәстүрлерінің бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің айқын айғағы деп бағалаған жөн. Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын – азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, ел тәуелсіздігін аңсау. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ күйлері – халқымыздың ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған, тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық. Қазақтың Д.Нұрпейісова, Қ.Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев, Т.Момбеков, Г.Асқаров, У.Бекенов, Қ.Ахме­­дия­ров, Ә.Есқалиев, А.Үлкенбаева, т.б дәулескер домбырашылар орындауындағы 1000 күй ұлтымыздың ұлы қазынасы ретінде туған халқының жүрегіне жол тартты. Оның бүгінгі және болашақ ұрпақтың рухани азығы мен игілігіне айналатынына және жаңа ізденістерге бастап, алдағы уақыттарда жарасты жалғастығын табатынына кәміл сенемін. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті. БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ Ел өміріндегі елеулі оқиға саналатын, қазақ үшін қабырғалы да қазыналы іс – күні кеше ғана тұсауы кесілген “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” антологиясы дер едім. Ұлттың ұлылығын, жұрт­тың мықтылығын таныта­тын рухани құндылықтары, оны мұра етіп қалдырған ой өлшемі биік, қаны да, жаны да таза арыстар екені айдан анық. Бұл Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың тікелей тапсырмасымен, Мәдениет және ақпарат минис­трлігінің ұйытқы болуымен “Мәң­гілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні” жобасы негізінде іске асып отырғанынан хабардармын. Жалпы, күй өнерінің өмірге келген кезеңін тап басып ешкім айта алмаса керек. Тіпті біздің дәуірімізге дейін де алуан түрлі сарындардың болғаны, оны орын­даған аспаптардың сақталғаны мәлім. Ал көне ғасырдағы Қор­қыт, ХІІ ғасырдағы Кетбұға, ХІV-XV ғасырлардағы Асанқайғы, Қазтуған, XVІ-XVІІ ғасырлардағы Байжігіт, XVІІІ ғасырдағы Абы­лайхан, XІХ ғасырдың басындағы Құрманғазы, Абыл, т.б. алыптар, олардың ізін қуған дара талант­тар тарау-тарау әңгіменің, том-том кітаптың арқауы болары сөзсіз. Болып та жатыр. Осы жауһарларымызға кешегі кеңестік дәуірде көп мән бере қоймадық. Атүсті қарап, өзгенің әні­не еліктеп келдік. Сөйтсек, кім­­мен де болса тереземіз тең түсе­тін, иықтаса алатын дүниелеріміз же­тіп артылады екен. Соның бір пара­сын кезінде А.Затаевич жи­нақ­тап бастырса, Е.Брусиловский опералық шығар­маларға тиімді пайдалана білді. Мұның өзі қазақ­тың ән мен күйін қажетіңе жара­та алсаң, қандай шығармамен де ұштасып кете­тінін, ажарын аш­ып, айбынын асыратынын аңғаруға болады.

4,8(71 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ