М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Sanya3110
Sanya3110
03.10.2020 14:52 •  Қазақ тiлi

-тапсырма. Тыңда. Мәтінді оқы.
Қурайлы көлін қоршаған қалың егінші түнде жауын болғандықтан,
жердің дегдуін күтіп, бүгін егінге күндегіден кешірек шыққан. Біреу өгіз, бi-
реу ат, біреу түйе, қайсыбіреу саралас жегіп, қым-қиғаш қимылдаған жұртты
Олжабек пен Жамал көріп келеді. Ертемен ауылдан шыққан айқай-ұйқай
дауыстарды да құлақтары анық естіді:
- Әй, егеуді қалдырма, егеуді!
- Тоқта, доғарылып қалды!
- Аналар барып жырта бастады.
- Мәулікейді оятыңдар, Мәулікейді!
Егіс басталғалы бірқатар күндер өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған
ЖОҚ.
Көз алмай қарап келе жатқан Олжабек қабағын бір шытып күбір етті:
- Жұмыстарында өнім жоқ.
Өгіз бен сиырды аралас жеккен бір бөлек егінші қара жолды жиек-
тей соқасын жаңа ғана салған екен. Олжабектер келіп, солардың қасына
тоқтады. Егіншілердің көлігі бастықпай, өздерімен өздері әуре болып жүр,
бұларға қапелімде қарай қойған жоқ. Олжабектің көзі көліктерде.
«Ана сиыр бұзау бере ме, енді?! Обал-ай!» ... деген ойда тұрғанда:
О, жігітім, жол болсын!, - деді егіншілердің ішіндегі сақалды біреуі.
Жасы үлкен адамға сәлем бермегені есіне түсіп, Олжабек:
Ассалаумалейкүм! - дегенде, түйенің үстінде отырған Жамал мырс
етті.
Егінші де күліп жіберді.
— Е, бәсе, жасың кіші көрінеді ғой, шырағым! — деді де сорайған мойнын
Соза түсіп Жамалға: - Есенбісің, балам! Ал жөніңді білдір. Танымадық,
деді Олжабекке,
Олжабек жөнiн жөнді айтпады. Сұрастыра келе шалдың кім екенін өзі
жақсы біліп алды. Оған кездескен осы елдегі «Пышақшы Мешел» дейтін
адам еді, білгенінше жай-жапсардың бәрін айтты. Олжабек сұрай берді...
Отағасы, сонымен, Колхоз егінін салып жатырмыз де.
Иә, шырағым, әйтеуір қауым болып кіріскен іс қой. Тәңірі тек оңын
берсін!
— Осы маңдағы елдің бәрі де колхоз болды ма?
— Колхозсыз жер бар дейсіз бе?
— Кім қалпында отыр дейсіз?
— Бәсе, «ел-елдің бәрі-ақ осыған келді», - деседі ғой.
— Дегенмен «Ортақ өгізден оңаша бұзау» жақсы да.
Әй, балам-ай, ол заман мен бұл заман – бір ме? Заманына қарай
амалы да бар емес пе?!
составить 5 вопросов

👇
Открыть все ответы
Ответ:
оkсана06
оkсана06
03.10.2020

«Астана – Еуразияның қақ жүргегіндегі қала. Бұл жерде түрлі өркениеттердің өкілдері келісім мен үйлесім аясында бейбіт күн кешіп, сан алуан мәдениеттер мен салт-дәстүрлер сабақтасып жатыр» - деген Елбасы Н.Назарбаевтың сөзі кешегі бабалар арманының бүгінгі айшықты келбеті. Арқаның аңызға толы төсінде ақиқатқа айналған армандар салтанат құрып, ізгі мұратымыздың жұлдызы жарқыраған күнді жыл сайын дәстүрлі түрде үлкен тойға айналдырып келеміз. Астана бұл күнде - еліміздің саяси орталығы ғана емес, ұлт мәдениеті мен әдебетінің де жаңа дәуірге қанат қағып, рухани жаңғыру белесіндегі маңызды қадамдарының алтын ошағына айналды. Мұндағы әрбір қаламгердің шығармашылығының бір ұшында Астананың тәуекелді сәттермен тоғысқан тағдыры, берекелі істермен биіктеген тұғыры жатыр. Сайын даланың төсіндегі жауқазын-қаланың жүрегін астаналық ақындар жалынды жырымен, ыстық сезімімен жылытып келеді. Олар үшін астаналық әрбір мезгіл келбеті өлеңнің сиясы төгілген аяулы уақыт парағы іспеттес...

4,8(16 оценок)
Ответ:
uma12
uma12
03.10.2020

Б Қазақ елі бай ел

Менің елім – Қазақстан. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейінгі 9-орынды алады. Қазақстанның табиғаты әр алуан. Оның кең-байтақ аумағында таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Климаты-барынша континентальді. Қазақ жері ұлан-байтақ, таңқаларлық әдемі жер. Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар, бұл - сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар. Қазақстанның байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. Елімізде мұнай, көмір, темір, алтын, күміс және тағы басқа да байлықтар жеткілікті. Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінен алда тұр. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады. Жетекші өнеркәсіп салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Жоғары сапалы мыс пен мырыш, қорғасын мен кадмий әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.

Қазақстан - дәнді дақылдар (негізінен астық), азық-түлік пен техникалық дақылдардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл шаруашылығындағы негізгі салалардың бірі - мал шаруашылығы. Ол жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен, халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Қазақ елі өз мәдениетін дамытқан ел. Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл-оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», – деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.

Қазақстан ғылымы да әлемдік ғылым қазынасына зор үлес қосты, іргелі ғылымдарды түбегейлі зерттеуге бағытталған ірі институттар жұмыс істейді.

4,7(43 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ