Тұрақтатпады ғой… көрші-қолаң «желтоқсаншы» екен деп шығармағанда, ал Николай бригадир мұның туған ағасы Дәурен- нен өшін бір алуға қолайлы сәт туды деп: «Інісі әскерден келе салып, 17-ші желтоқсаннан 21-іне дейін үйінде қонған жоқ. Ел де- кабристермен бірге Алматыда болыпты деп жүр… Анық-қанығын анықтаңыздар! Ағасы коммунистік партия мүшелігіне канди- дат болса да «сенімсіз адам», інісінің іс-әрекетін жасырып отыр. Тексеріңіздер!» деп «донос» жазып, Мемлекеттік Қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер орнына жазбағанда… Өкініш жоқ бірақ, көтеріліске 18-і күні дәрігер жездесін әдейілеп ертіп барып тұрып қатысты. Таяқты да жеді… жегізді де! Көңілде ғана әлдеқандай алаң, шарасыздығына налу ғана бар. Ал органдағылар Қаскелеңде тергеп-тексеріп үш сағат ұстады. Дәлел болмағандықтан, қоя берді. Ана бір Базиев деген капитан, өзінің ұлты балқар екен, сол қол ұшын берді…
Объяснение:
Это маңызды эпизод
Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады.
1. Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады.
2. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара жалғаулық щылаулар арқылы байланысады.
Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.
Қарсылық мәнді бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар.
Себеп – салдар мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар;
Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар.
Кезектес мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.
3. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері .
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді :
1. Ыңғайлас салалас.
2 Қарсылықты салалс.
3. Себеп – салдар салалас.
4. Ілектес салалас.
5. Талғаулы салалас.
6. Кезектес салалас.