М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Рома228119
Рома228119
14.07.2021 08:34 •  Қазақ тiлi

"Ақ тарының атасы" Эссе 100-130 сөз
өтініш қажет болып тұр

👇
Ответ:
mariyshak57
mariyshak57
14.07.2021

Шығанақ Берсиев - аты аңыз болып таралған әйгілі тары өсіруші. 1932-1944 жылдары Ақтөбе облысының «Құрман» ұжымшарында звено жетекшісі болып қызмет етті. Шөлейтті аймақтың ауа райына қарамастан, ұзақ жылдар бойы оның звеносы тарыдан мол өнім алды. 1939 жылы тарының әр гектарынан 25,5 ц өнім алса, 1940 жылы 155,8 ц, 1941 жылы 165 ц, 1942 жылы 175 ц, 1943 жылы 201 ц өнім жинады. Мұндай жоғары нәтижеге Берсиев тары тұқымын қыс бойы әзірлеп-баптау, мұқият іріктеу, көктемгі егісті дер кезінде жүргізу, егінді баптап-күту, орақты ысырапсыз өткізу арқылы жетті. Бұл ұжымшардан оның іс-тәжірибесін үйреніп, тары өсірудің шеберлері шықты.

Әлемдік рекордтың атасы өлгенінше Қарасу бойындағы қараша үйінде тұрды. Одақтағы нөмірі бірінші тары өсіруші атағы оны Сталин кабинетіне дейін алып баруға күші жеткенімен, диқан болмысын өзгерте алмады. Мүмкіндігі болып тұрғанына қарамастан, «Құрман» ұжымшарындағы шаруашылығын, кетпенін басқаға аырбастаған жоқ.

Объяснение:

мен блмеймин но лурыс шыгар

4,6(61 оценок)
Ответ:
бринн
бринн
14.07.2021

Объяснение:

Шығанақ Берсиев Ұлы Отан соғысы жылдары әскери ұшақ жасау үшін Мемлекеттік қорғаныс қорына қаржы аударды, өз табысынан тары өткізді. Оның өмірі мен ерен еңбегі Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романына , неміс драматургы Бертольд Брехттің «Тары өсіруші» дастанына арқау болды. Шығанақ қолдан жасалған ашаршылық әбден діңкелеткен халқын аман сақтап, мақсат-бағдарынан айырылып, артына ерген әлсіз жұртына күнкөріс көзін ашты. Осы тұрғыдан алғанда, елінің көшбасшысы, ұйытқысы бола білді. Маңдай термен өсірілген астық дереу майданға жөнетілді, еңбегіне тиесілі қыруар қаржы армияға қару-жарақ сатып алуға жұмсалды. Ал өзі болса, ұжымшардағы балшықтан соққан қоңыр үйінде, еңбегін міндетсінбей, жерлестерінен ерекшеленбей тіршілік кешіп жатты.

Ленин орденімен марапатталған тары өсірушінің Ақтөбе облысы Ойыл ауданында мұражайы бар. Ақтөбе қаласында оған ескерткіш орнатылған.

4,5(82 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
666SmEtAnKa666
666SmEtAnKa666
14.07.2021
Менің отбасым.
Біздің отбасы- үлкен отбасы болып саналады. Отбасымыз он төрт адамнан тұрады. Ең сыйлы орын төрде атам мен әжем отырады. Онан соң анам мен әкем орналасады. Қалғандарымыз жасымызға қарай отырамыз. Отбасымыздағы әрбір күн біз үшін мереке. Үлкенді сыйлау, адамдармен сыйласу, үлкенге қызмет көрсету, кішіге көмектесу біздің отбасында сөзбен емес, әрдәйім іс жүзіндегі, күнделікті өміріміздегі қалыпты жағдай. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін. Қазір біздің отбасындай үлкен отбасы кездесе бермейді.

Ас адамның арқауы.
Өте орынды айтылған сөз. Егер адам аш болса оның әлі де, көңіл күйі де, ешбір іске зауқы да болмас еді. Ал, әрдайым көңілсіз жүрген адамның жүйкесі жұқаратыны белгілі. Күші тіпті болмай, әлсірейді. Осылай денсаулығынан да айрылады. Сондықтан, уақытылы, құнарлы тағамдармен тамақтанып, ас адамның арқауы екендігін есте ұстаған абзал.
4,8(11 оценок)
Ответ:
24j18g81B
24j18g81B
14.07.2021
Тілім менің
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.
4,5(40 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ