«Дене шынықтыру сабағында» тақырыбына диалог құрастыру.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Оқушылар: Сәлеметсіз бе, ағай!
Мұғалім: Түзел! Тік тұр! Бір мен екіге бөлініп, сана! Балалар келеп апатда мектебімізде «Салауатты өмір салты» апталығы өтеді. Апталық уақытында әрбір оқушы белсенді болып, өзі ұнататын спорт түрінен жарысқа қатыса алады.
Оқушылар: Мұғалім, қандай спорт түрлеріне жарыс ұйымдастырылады?
Мұғалім: Оннан аса спорт түрінен жарыс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, жүгіру, ұзындыққа секіру,үстел теннисі және т.б.
Оқушылар: Ал біз сыныбымызбен футболға жазылып, қатыссақ бола ма? Біз үнемі өзіміз команда болып ойнап жүрміз.
Мұғалім: Әрине, болады. Онда сендерді тізімге жазып кояйын.
Оқушылар: Рахмет, ағай!
Мұғалім: Басқа қатысам деушілер бар ма?
Қыздар: Ағай, біз волейбол ойнап көрейік, ал қалғандары бізге жанкүйер болсын? Бастысы жеңіс емес, қатысу. Өз бағымызды сынап көрейік. Оның үстіне денсаулығымызға да пайдасы тиер.
Мұғалім: Жақсы, қыздарды волейболға жазып қойдым. Осы апта соңына қарай қосымша ақпарат беріліп, жарыстың өткізілетін уақыты хабарланатын болады. Ал әзірге жаттығуларымызды жалғастырайық. Екі командаға бөлініп, тұра қалыңдар...
Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік. Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр.
Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан. Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйткені тәртіп бойынша туыстар бір-бірінің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған. Енді осы жеті ата шежіресіне кім жатады? Бұл туралы әртүрлі ойлар мен болжамдар, талас-пікірлер газет-журналдарда да, басқа ортада да туындап отыр. Мұның бір өкініштісі, сол пікірлер арқылы қате ұғымдар мен ой-түйіндердің байыбына терең бойламай айта салушылық пен қателіктер ба өздерден де, оқулықтардан да жиі көрініп қалады. Тура айту керек, бұл – бұрынғы аруақты ата-бабаларымыз бекітіп, айтып, дәлелдеп, нақты тұжырымдап, ғасырдан-ғасырға айқындап салып кеткен сара жол. Бұл – бұлжымайтын тәртіп қағидасы. Жеті ата ұғымы жаңа заң жобасы емес, ежелден қалыптасқан қанатты қағида, санаға сіңген өсиет, өнеге мектебі, ата салтымыз.