Қазақша шығарма: Менің туған жерім - егеменді Қазақстан Геморрой 4 күн ішінде толығымен емделеді Геморройдан жылдам емделу үшін, мына... Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған.
Қариясы бар үйдің қазынасы бар,-деп бекер айтылмаған. Менің отбасым- үлкен отбасы. Отбасының тірегі атам мен әжем. Мен әжем туралы айтпақпын. Менің әжем отбасының ұйытқысы, ақылшысы, өте мейірімді жан. Атамның өзі көп істерді әжеммен ақылдасады. Әжем ешқашан дауыс көтеріп, айқайламайды, жәй ғана ақылын айтып, дұрыс істемеген істерімізді жөнге салады. Әжем салт-дәстүрді, мақал- мәтелдерді көп біледі. Қажет жағдайда сол мақал-мәтелдерді орнымен қолданып, мағынасын түсіндіреді. Әжем ою-өрнек салып кілем тоқиды. Қолын тігін тігу, тоқу бәрі келеді. Біз анам екеуміздің әжемнен үйренгеніміз көп, ал үйренеріміз одан да көп. Әжетайыма көр рахмет.