1-тапсырма. Мәтінді оқып, сөйлем мүшелерін кестеге орналастырыңыз. Әлемдік тарихтан ерекше орын алған, 300 миллионға жуық, халықты біріктірген Кеңестер одағы 1926 жылы Наурыз мерекесін «ислам дінінің қалдығы» деген желеумен мемлекеттік деңгейде атап өтуге, тойлауға тыйым салды. 1988 жылы Наурыз тойы Кеңестер одағы тыйым салған 62 жылдық үзілістен соң, тұңғыш рет бас қала Алматының М.Горький атындағы орталық саябағында 100 мыңнан астам адамның қатысуымен тойланды. Қазақстанның барлық шаруашылықтары, өндіріс мекемелері, жоғары оқу орындары, мектептері, тіпті, ауруханаларға дейін, айтулы мерекені өздерінше үсті-үстіне атап өтіп жатты. Сол жылы Наурыз мейрамы қыркүйек айының ортасына дейін тойланды. Наурыздың арғы-бергі тарихында мұндай ұзақ, мұндай құштарлықпен өткен мереке болмаған да шығар, сірә... Бастауыш. Баяндауыш. Анықтауыш Толықтауыш. Пысықтауыш.
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Қазақстанның биік табысына қол жеткізген президенттік билік және осы жылдары оның басында үздіксіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке факторы екеніне де ешкім күмәндана алмайды.Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған жиырма жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!