1) Мәтіннің тақырыбы:
Алакөл
Алакөл ауданы
2)Алакөл жайлы ақпарат бере отырып, табиғаттың ерекшелігін жеткізу. Алакөл туралы мағлұматтар берумен қатар, ерекшелігіне жол сілтеу болып табылады.
3). Үлкен Аралтөбе, Кішкене Аралтөбе, Белқұдық(аралдар).
Үржар, Еміл, Қатынсу, Жаманты, Жаманөткел, Тасты(өзендер).
Алабұға, сазан, көксерке(балықтар).
Аққу, қаз, бірқазан(құстар).
Теңбілмысық(жануар)
4)шағын,қамысты.
5)Зат атаулары(өзен, арал, балық, аң-құс)
Етістік:құйылады, ауытқып отырады, кездестіруге болады.
6)Алакөлдің қамысты жерлері жайлы ақпарат бере отырып, сонымен қатар сол Алакөлде кездесетін аң-құс атауларымен, ақырында теңбілмысық жайлы ақпармен аяқталады.
7)Алакөлдің аумағы қандай үлкен екенін білдім. Сонымен қатар сол жердегі аралдар жайлы, құятын өзендер туралы ақпарат алдым. Алакөлде кездесетін балық түрлерімен қатар, аң-құс түрлерімен таныстым. Сол ақпараттарды осы мәтіннен білдім.
Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген.
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.