Адалдық-адам бойындағы ең жақсы, асыл, бағалы қасиеттердің бірі. "Адалдық" деген сөз шыншылдық, айнымастық дегенді білдіреді. Адам зат өз уәдесін ұстай білуі керек. Бұл адамдағы адамгершіліктің мөлшерінің көрсеткіші. Адалдық адамда туылғанынан болмайды, ол тәрбиеге, қоршаған ортаға байланысты пайда болады. Адалдық 4 негізгі құндылықтардың бірі болып саналады. Әр адамның уәдеге адалдығы оның ар-ұжданына байланысты. Адал адам болу үшін, біріншіден әрқашан уәдеңде тұруың керек. Екіншіден тек шындықты айту керек. Бұл әр адамның қолынан келетін іс емес.
Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. - деп айтқан Әл-Фараби атамыз.
Ен бек туби береке. Ен бек етсен еринбей тояды карнын тиленбей. Бир баягыда бир шал болып ты, онын жалгыз улы болад. Бирак еш тирлик истемей, акесинин аркасында балкып шалкып омир суреди. Содан шал бир куни ойлап, баласын кайтсем тирлик истетем дейд . Содан улын шакырып, мен болсам картайдым сен енди жумыс исте,енбек пен нанынды тап дейди. Улы 1 ши куни 1000сом ды биреуден карызга сурап, акесине беред,акеси алады да отка тастайды. Баласы ундемей шыгып кетед. 2ши куни тагы биреуден 100 сом сурап акеледи, оны да акеси отка тастаса ундемей тагы шыгып кетед. 3ши куни баласы кимнен акша сурарын билмей амалын таппай енбектенбесем болмайды, кореин деп кешке деин ауыр жумыс истеп тек 10 сом табады. Сойтип шаршап шалдыгып уине оралады. Акесине акелип береди. Акеси тагы алып жанып жаткан отка тастайды. Бирак сол сатте баласынын жан даусы шыгып, жанып жаткан отка колын тыгып, акшасын суырып алады да акесине :Аке мен бул акшаны кандай еньекпен, мандай теримди тогип таптым, ал сиз оны отка тастаганыныз не дейд? Сонда акеси кордин бе улым енбектин наны татти. Мандай теримен тапкан сон отка карамай колынды салып суырып алдын дейд. Бул жерде айтпагы: "енбектин наны татти". деген соз!
Бір тудың астында бір үйдің бауырларындай күн кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің бірі – орыс халқы. Атадан балаға жалғасып отырған салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарын, зерттеп қарасақ, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұқсастықтарын айқын байқаймыз. Бұған бірден-бір себеп ретінде жергілікті халықтың тұрғындармен етене сіңісіп, өз дәстүрін сақтай отырып, өзгенің мәдениетін бойына дарыта білгендігінде. Өзге елде тұрып, өз жауһарларының бірі салт-дәстүрі, тілі болсын, әлгі күнге дейін өшірмей мәңгілік ұрпаққа мұра етіп келеді. Бұл орайда елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. Бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» десе, келесі бір сөзінде «Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын қазақтар және басқа да халықтардың өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай алды» – деп атап өткен еді. Сол ерекшелігін сақтай отырып, бізбен біте қайнаса тіршілік етіп жатқан орыс халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына тоқтала өтсек. Орыс халқында ерекше саналатын салт-дәстүрлердің бірі – ыдыс шағу ырымы. Бұл дәстүр адам өміріндегі өзгерістерге байланысты орын алады. Мысалы, адам дүниеге келгенде, үйлену тойында немесе адам қайтыс болғанда.Сәби дүниеге келген уақытта арнайы шыны ыдыста күріштен немесе бидайдан ботқа пісіріледі. Қонақтар тамақ ішіп болған соң, дастарханға осы дәм әкелінеді. Кімде-кім ыдысқа көп ақша салса, сол адам ыдысты сындыру құрметіне ие болады. Шыны ыдыс сынған уақытта ішіндегі ботқа сол қалпында, яғни шашылмаған күйінде тұруы қажет. Бұл дәстүр отбасы бақытқа, ырысқа, байлыққа кенеледі деген мағынаны береді. Алғашқы болып астан жас босанған ана дәм татады. Егер ас келген қонақтардан артылып жатса, үй иесі қалған ботқаны малдарына, одан қалса бақшаларына шашады. Сол сияқты сәбиді аспалы немесе ағаш бесікке салып оны үш рет темір пышақпен аластайды. Егер ер бала болса, пышақ, ал қыз бала болса жастығының астына қайшы қояды. Бұл дәстүрді баланы бәле-жаладан, тіл-көзден аман болсын деп жасайды.Үйлену тойында ыдыс сындыру салтының мағынасы, егер жас келін босағаны адал аттаса, той күннің ертеңіне қайын енесі өзінің қымбат бір ыдысын сындырады. Ыдыс өте майда бөлшектерге бөлініп, ұнтақталып шағылуы тиіс. Бұл дәстүр бас қосып жатқан екі жастың өмірі молшылық пен байлыққа толы болсын деген мағынаны білдіреді.
Адалдық-адам бойындағы ең жақсы, асыл, бағалы қасиеттердің бірі. "Адалдық" деген сөз шыншылдық, айнымастық дегенді білдіреді. Адам зат өз уәдесін ұстай білуі керек. Бұл адамдағы адамгершіліктің мөлшерінің көрсеткіші. Адалдық адамда туылғанынан болмайды, ол тәрбиеге, қоршаған ортаға байланысты пайда болады. Адалдық 4 негізгі құндылықтардың бірі болып саналады. Әр адамның уәдеге адалдығы оның ар-ұжданына байланысты. Адал адам болу үшін, біріншіден әрқашан уәдеңде тұруың керек. Екіншіден тек шындықты айту керек. Бұл әр адамның қолынан келетін іс емес.
Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. - деп айтқан Әл-Фараби атамыз.