М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Diana12345678910123
Diana12345678910123
24.01.2023 10:26 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-токсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тарихи тұлғалар тағылымы
Қызым – жағадағы құндызым, Ұлым – аспандағы жұлдызым
Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер
Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері
Тыңдалым
Екі аяқтылар індегі бар күшікті сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін
өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып
қалдырды да, екінші біреуін - ең кенжесін алып жүріп кетті.
Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.
Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды, жанынан да шықпайды. Көксерекке
арнап итаяқ әзірледі. Түнде күшікті Құрмаш қасына алып жатады.
Жаз ортасында Көксерек үлкейді. Бұл уақытқа шейін Көксеректі ауыл иттерінің
бірде-бірі дос көрмеді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер
бұны талап та тастайды. Көксерек жайында ауыл әйелдері түрлі өсек те таратып жүрді.
- Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Түнде қойды үркіте береді. Даланы жақсы көреді.
Иттен қорыққаннан ғана үйде жатады,- дейді.
Құрмаш бұл өсектің бәрін елемейді.
Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ еді. Алдына құйып қойған асты кісі қарап тұрса,
жаламайды, жемейді. Адам қарамаса, тамақты жоқ қылады. Егер қарны ашып кетсе,
өзіне бермеген асты да жеп қояды. Кейде сондай жерде ұсталып, таяқ та жейді.
Жаз ортасы келген кезде Көксерек зіңгіттей көк қасқыр болып шықты. Енді
оны ауыл иттері талай алмайды. Өскен сайын суықтанып келеді. Сол мінезін байқаған
үлкендер:
- Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек, —деді. Бірақ Құрмаш көнбеді.
1. Тыңдалым мәтіні бойынша 2 дұрыс жауапты анықтаңыз, қоршаңыз. (Екі дұрыс
жауап үшін )
А) Адамдар екі кішкене күшікті ауылға алып келді.
B) Көксерекке арнап Құрмаш тамақ құятын ыдыс дайындады.
C) Көксерек ауыл иттерімен бірге жүреді.
Д) Құрмаш Көксерек туралы әңгімелерді тыңдамады.
[1]

👇
Ответ:
Angelina07111
Angelina07111
24.01.2023

А) С) давай Бер

ок

4,6(13 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Bronin2002
Bronin2002
24.01.2023
Тілашар - қазақ халқының балаға арнап өткізетін қуанышқа толы тойларының бірі. Тілашар тойы бала ең алғаш мектеп табалдырығын аттап, ұстаз алдына баруына орай өткізіледі. Әр бала 7 жасқа толған соң білім ордасына барады. Бұл тойға барша ағайын-туыс шақырылады.Бұл күні балаға жаңа киімдер кигізіледі. Көпшілікпен бірге тойланады. Себебі, халқымыз баланың білім алып, еліне елеулі үлес қосар азаматы болғандығын қалайды. Тілашар тойында үлкендер балаға бата береді. Барша жиналғандар балаға өздерінің ақ тілектерін арнайды. 
4,4(22 оценок)
Ответ:
михаил303
михаил303
24.01.2023

Олимпиада ойындары туралы.

Спорт – денсаулық кепілі екені баршамызға аян. Ал Олимпиада ойындары бейбітшілік елшісі атанып кеткен. Себебі Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Ал өзге елдердің спортшылары бір – бірімен күш сынасып, кімнің мықты екенін анықтайтын дүбірлі дода.

Олимпиада ойындары немесе Олимпиада төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.

Олимпиада ойындарының ұраны - «тезірек, жоғарырақ, күштірек». Олимпиада ойындары әрбір төрт жыл сайын өткізіліп тұрады, қысқы және жаздық болып екі түрге бөлінеді.

Олимпиада ойындары ежелге Грекиядан бастау алып, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылған болатын. Дүниежүзілік соғыс уақытында ойындар тоқтатылған болатын.

Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала, ойындарға 7 жыл қалғанда арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталады. Олимпиада өткізілетін қала ресми мәлімдемесін тапсырған бірнеше қала кандидаттарының ішінен таңдалады. Таңдау кандидат елдерінің өкілдері мен ХОК президенінен басқа барлық ХОК мүшелерінің құпия дауыс беруі арқылы өтеді.

Ереже бойынша соңғы дауыс беру рәсіміне кандидаттар тізімі арасында бес қаладан артық болмауы тиіс, бұл тізім бір жыл бұрын ХОК мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жеңімпаз кандидат дауыстардың жарытысынан артық жинау керек. Егер жеңімпаз алғашқы айналымда анықталмаса, онда екінші және кейінгі айналымдар өткізіледі.

Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет, Франция 5 рет, Ұлыбритания 3 рет, Германия 3 рет, Жапония, Италия, Канада 3 рет. Олимпиада ойындары барлығы 21 елде өткізілген. Жазғы ойындар 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.

Салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздің туын асқақтатын үздік спортшылармыз көп болсын дегім келеді.

4,5(11 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ