Берілген сөздермен сөйлемдер құрастыру.
Өнер адамдары "сахнаның киесі мен құдіреті бар" деп айтып жатады.
Бұл жәдігер ежелгі қала орнынан табылған.
Білім - ешқашан таусылмас байлық деп білемін.
Көріпкел болу үшін адам бойында ерекше туа біткен қасиет болу керек деп ойлаймын.
Ежелде ата - бабаларымыз сәуегейге сенген болатын.
Әжеміздің 80 жас мерейтойын әлі де тойлап, аяулы әжемізді салтанатқа бөлеп жатырмыз.
Лоторея билетінен ұтыс шығып, Серік ойламаған жерден байлыққа белшесінен батты.
Біз шамалы дамылдап, жүрек жалғап алдық.

Ана тілім,күбірле сарайымда
Тәңір текті түрік жұртының заңды мұрагері осынау дархан мінезді, көкжал рухты қазақ халқы – түркі қара шаңырағының иесі. Атажұрттың абыройын асқақтатқан қазақ қауымы тек қара шаңырақ – жердің еншісі иесі ғана емес, айбынды тілінің де аманатын алушысы.Сан ғасырлық сүрлеу тарихы мен сындарлы жолы бар туған тіліміз бүгінгі заманның үлкен жемісі, өткеннен өзеуреп жеткен өкілі. Бұл ұлы – Абай мен мәрт Мұқтардың, бағлан Абылай мен батыр Қабанбайдың, ақиық Мұқағали мен бард Бұқардың тілі. Түптеп келгенде, бұл тіл – Әл-Фараби мен Асанның Қайғының тілі. Ұлы тұлғасы бар тіл де ұлы болмақ. Ұлы халқы, текті ұлты бар тіл қашан да ұлы. Себебі тек тіні бар ұлт қашан да болмысы болып табылатын құндылықтарын қызғыштай қорғайды. Құндақтап құндылығын келешекке табыстайды. Бұл «мәңгілік» деген ұлы дала заңдарының бірі.