Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.
Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық. Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнерлі болып өсуімен қатар көрікті болып өсуіне де ерекше көңіл бөлген.
Объяснение:
Сәлеметсізбе,Қажымұқан ата!Мен сіз туралы көптеген әңгімелер оқыдым,сізді нағыз күш атасы деп айтуға да болады!Мен сіздің күшіңізге әрдайым таң қалатынмын!Сіз өз ұлтын Шетелге танытқан нағыз палуансыз!Мен сіз сияқты намысты,күшті болуға ұмтыламын!Сіздің күрестің бірнеше түрлерін біледі деп оқып едім,бұл мәліметте мені тағы да таң қалдырды.Тек мен емес,басқа да сізге тамсанатын балалар көп шығар бірақ,мен үшін сіз нағыз батырсыз!Сіз менің күрес спортына қызығушылығымды ояттыңыз!Осы хатты сізге рақмет қылып жазып отырмын.Осы хат сізге жетеді деген ойдамын!
Сау болыңыз,бұл хатты жазған